2026 жылдың 9 айы бойынша бұқаралық спортты дамыту және көрсеткіштер

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ

2026 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР МЕН АҚПАРАТ

1. Қаржыландыру және басқару құрылымы

  • Қаржыландыру көлемі: 2022 жылдан бастап барлық көздерден 68 млрд 815 млн теңге (құрылыс жұмыстарын қоса есептегенде) бөлінді.
  • 2026 жылғы бюджет: Дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық бюджеттен 28 млрд 118 млн теңге қаралды (басқарманың жалпы сомасы және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шижаға, Бекарыстан би, Қожабақы, Әйтеке би, Шиелі, Келінтөбе ауылдарындағы 6 спорт кешені мен «Қызылорда Аренаның» 2026 жылға бөлінген қаржысы).
  • Басшысы: Артаев Бахтияр Ғарифоллаұлы.
  • Қызметкерлер саны: 25 штат бірлігі (оның ішінде 13 мемлекеттік қызметші, 12 штаттан тыс маман).
  • Бағынысты мекемелер саны: 32.

2. Бұқаралық спорт және кадрлық әлеует

  • Спортпен шұғылданатындар: Өңірде 377 мыңнан астам тұрғын жүйелер түрде спортпен айналысады.
  • Қамту үлесі: Облыс халқының 44,6% құрайды (республикалық индикатор – 42%).
  • Спорт мектептері: 21 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 38 түрінен 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 мыңнан астам (22 099) спортшыны тәрбиелеуде.

3. Спорттық инфрақұрылым

Облыс бойынша барлығы 1 538 спорт нысаны бар (оның ішінде ауылдық елді мекендерде – 927 нысан). Саладағы қызметкерлер саны – 3 838 адам.

  • Спорт нысандарымен қамтамасыз ету деңгейі: 56,5%.
  • Ағымдағы көрсеткіштер: 2022 жылдан бері 27 спорт кешені пайдалануға берілді.

Инфрақұрылымдық нысандардың жіктемесі:

Нысан түрі

Саны

Стадиондар

13

Спорт кешендері

60

Спорттық манеждер

2

Есу базасы

1

Ату тирлері

5

Хоккей корты

1

Жазықтық құрылғылар

1 425

Теннис корттары

17

Ипподромдар

3

Бассейндер

11

Спорт залдары

806

4. Соңғы жылдары іске асырылған маңызды жобалар

  • 2024 жылғы қазан: «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесе отырып, құны 3,4 млрд теңге болатын заманауи «Теннис орталығы» ашылды.
  • 2025 жыл: Қызылорда қаласында құны 26,5 млрд теңге болатын 11 мың орындық жаңа заманауи стадион пайдалануға берілді.
  • 2025 жыл: Облыс орталығында құны 20,5 млрд теңге болатын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы басталды.
Дата публикации
14 октября 2026