Бюджеттен 44284 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 823,2млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге - 7,9 млрд.теңге қаралды. (РБ- 6,3 млрд.теңге, ЖБ – 1,6 млрд. теңге).
44452 адамға (8354 отбасы) 1172,8 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 40454 адам (7554 отбасы) 746,7 млн. тенге төленді.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2020 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды ( 821-і тұрақты жұмысқа орналасты, 1099- қоғамдық жұмысқа, 53 - әлеуметтік жұмыс орындарына, 27- жастар тәжірбиесіне жіберілді).
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 418,8 млн. теңге қаражат қаралды. 3831отбасына 76,6 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып, 3830 отбасына 76,5 млн.теңгетөленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 6669адамға 143757,1 мың.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.
- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 23 азаматқа 391,1мың теңгеге;
- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 851 адамға қосымша тамақтануға 49107,1 мың теңгеге;
-лейкоз және анемиямен ауыратын 37 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 1713,3 мың теңгеге;
- Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 592 адамға – 47 081,8 мың. теңгеге.
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 2 отбасына 927,8мың теңгеге;
-- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 970 мүгедек балаға 22294,6 мың. теңгеге;
-аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 4194 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүруге 22241,4 мың.теңге.