Меню

Страницы

Статья

Халықты жұмыспен қамту бөлімінің 01 сәуір 2020 жылға атқарылған жұмыстары

Статистика мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың 4 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 351,6 мың адам (2018 ж.4 т. – 350,1 мың адам);

Жұмыспен қамтылған халық саны – 334,8 мың адам (2018 ж.4 т. – 333,3 мың адам).

Жұмыссыздар саны – 16,8 мың адам (2018 ж.4 т.– 16,8 мың адам).

Жалпы жұмыссыздық деңгейі - 4,8 % (2018ж.4т..–4,8%);

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,2 % (2018 ж.4 т. - 4,2%).

2020 жылы 12 602 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 2719 (21,6%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 2090 тұрақты (16,6 %).

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 10475 адам хабарласып, олардың 4742–і (45.3 %) тұрақты жұмыспен қамтылды, соның ішінде 256 мүгедектігі бар азаматар жұмыспен қамтылды.

Хабарласқандар қатарынан жұмысынан айырылуына байланысты 1596 адамға композиттік қызмет көрсетілді.

13 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 155 жұмыс беруші 631 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1039 жұмыс іздеуші қатысып, оның 390-ы жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне, (оның ішінде 186 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға – 8,9 млрд. теңге қаралған.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 7496 адам енгізілді:

жұмыссыздар- 72,2% (5413 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 0,6% (42 адам), жұмыс іздеушілер-27,1% (2037адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) –0,1% (4 адам).

Бағдарламаның бағыттары бойынша.

Бірінші бағыт - техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету:

  1. еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 3065 адамды оқыту жалғастуда (1 559,5 млн теңге).Оның 318-і - оқуды аяқтаған, 219-ы -жұмыспен қамтылған, 11- оқуын жалғастыруда, 9 – ҚР ҚК қатарына шақырылған, 27- бала күтімінде, басқалары -20, жұмыспен қамту органдарына тіркелгені- 31 адам.
  2. жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1800 адам, 441,2 млн.теңге(соның ішінде 660 жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, 1140 - ваучер).

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

  1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар - 800 адам.
  2. ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау –824 адам қаралған (ауылдық жерлерде 810 адам 3,3 млрд.теңге, қалалық жерлерде 14 адам 250,0 млн теңге). 54 адам шағын несие алды (2019 жылғы қаржы есебінен).
  3. жаңа бизнес –идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар –1647 адамға 873,5 млн.теңге -200 АЕК (530 мың т.). 374 адам грант алды.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 7436 адам қамтылды:

- бос жұмыс орындарына орналасқаны – 2097 адам (жоспар - 13900, 15,1 %);

-әлеуметтік жұмыс орындарына – 879 адам (жоспар – 623, 318,6млн.т.) жолданып, олардың 62- і жұмысын аяқтап, 45-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

- жастар тәжірибесіне – 1348 адам (жоспар 2243 адам, 891,3 млн.т.), жұмысын аяқтаған 205 адамның 51-і тұрақты жұмысқа орналасты.

- қоғамдық жұмыстарға – 3112 адам (жоспар-6400, 1,040 млн.т.) жолданып, 43-і жұмысын аяқтап, олардың 46-ы жұмыспен қамтылды.

Жыл басынан 14 мекеме кәсіпорындардан қысқартылған жұмыскерлер саны - 91 адам. Жұмыспен қамту органдарына хабарласпаған. 2019 жылы қысқартылғандар саны 27 мекемеден 461 адам, олардың 25 –і жұмыспен қамтылған, 82-і жұмыспен қамту органдарына тіркелген.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру.

Ағымдағы жылдың 6 сәуіріне мәртебесі нақтыланбағандар саны - 113085 адам. Өзектендірілгені –92698 адам (82%). Өзектендіруге тиіс -20387, соның ішінде: тіркелмеген жұмыссыздар - 2138, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар -70, жеке қосалқы шаруашылықтарда жұмыспен қамтылғандар – 2360, заңдастырудан бас тартқандар - 13468, басқа да санаттағылар – 2351 адам.

Бірыңғай жиынтық төлегендер саны 1.05.2020 ж. - 10946 адам (2019 ж. -40001 адам).

Жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне (Арал, Қазалы аудандарында тіркелген, Сырдария ауданында тіркелген қазіргі таңда жұмыс жасамайды) 224 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан.

 

Дата публикации
17 апреля 2020
Дата обновления
17 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы