БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІ
Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2021 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 21 009 418,8 мың теңге қаралған, 1 қазанға 12 507 030,1 мың теңге қаралып, 12 506 334,0 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 696,1 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 105 916,0 мың теңге қаралып, 105 915,7 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 250 463 ,0 мың теңге қаралып, 250 463,0 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмегені
республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар есебінен қаралғаны 1 784 739,8 мың теңге, игерілгені 1 784 049,4 мың теңге немесе 99,8 пайыз, игерілмегені 690,4 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 74 171,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен өзге де шығыстарға берілетін субвенциялар есебінен 108 349,0 мың теңге қаралып, 108 349,0 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз,
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 9 763 279,7 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.
Оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан берілетін нысаналы трасферт есебінен 763 725,0 мың теңге қаралып 763 725,0 мың игерілді немесе 100 пайыз