Меню

Страницы

Статья

Тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша ақпарат

Тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша ақпарат

       Бүгінгі күні облыста 30 мыңнан астам (І топ - 2970, II топ - 10832, III топ - 11279). мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, оның 4988-і 18 жасқа дейінгі балалар.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығына сәйкес «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы негізінде мүгедек балаларды үйден қызмет көрсету жұмыстары бойынша іске асырылады.1493 мүгедек балаға 276 әлеуметтік қызметкерлер үйден арнаулы әлеуметтік қызметтерді 8 бағыт бойынша көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, еңбек, экономикалық, құқықтық.2010 жылдан бастап облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы басқармасы арқылы тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жобасы бойынша Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында 126 мүгедек балаға қызмет көрсетіліп келген. 2015 жылдан бастап алғаш рет Қармақшы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында күндізгі болу бөлімшелері жұмыс жасауда.2019 жылға 261 мүгедек балаға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге республикалық бюджет есебінен 94,7 млн.теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 67,8 млн. теңгеге 187 тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Үнемделген 26,8 млн. теңге нақтыланған бюджетте кері қайтарылды. 2020 жылға 151 мүгедек балаға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге республикалық бюджет есебінен 90,2 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

 

Дата публикации
06 марта 2020
Дата обновления
06 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы