Жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыздар саны – 17,0 мың адам (2020 ж. 2 т.-16,9 мың адам).
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 % (2020 ж. 2 т.-4,9),
Жұмыссыз жастар - 3400
Жастар арасындағы Жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,2 % (2020 ж.- 2 т. – 4,4%).
Жаңа жұмыс орындарының құрылуы
2021 жылы 17954 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 25 033 (139,4%) жаңа жұмыс орындары құрылды,12372 - тұрақты орындар (68,9 %).
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 30980 адам хабарласып, олардың 21219-ы (68.4%) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, 12247 (39.5 %).тұрақты жұмыспен қамтылды.
710 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (өткен жылдан өтпелі адам саны есебінен).
«Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 107 адам жолданды. 28-і шағын несие алып, 20-ы өз ісін ашты. 66-ы грант алды. 192 тұрақты жұмысқа, 18 әлеуметтік жұмыс орындарына, 26 жастар тәжірибесіне, 474 ақылы қоғамдық жұмыстарға.
Облыста 55 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1319 адамға жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне (629 адам-тұрақты) жолдама берілді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 14.3 млрд. теңге (18134 адам) қаралған, игерілгені 7.1 млрд. теңге(1 қазанына мәлімет).
Бағдарламаға қатысушы ретінде 28 122 адам енгізілді. жұмыссыздар- 56,4 % (15877 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 19,0% (5346 адам), жұмыс іздеушілер–23,2 % (6549 адам).
Бағдарламаның бағыттары бойынша:
Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету
Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 20 247 адам қамтылды.
Бос жұмыс орындарына орналасқаны – 12 217 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 855 адам (124,8% )(жоспар– 685 адам, 346,6 мың.тг.) жолданып, олардың 218-і жұмысын аяқтап, 188-і тұрақты жұмыспен қамтылды (21,9%).
Жастар тәжірибесіне – 2090 адам(96,1%) (жоспар - 2175 адам, 950,9 мың.тг.) жолданып, 455-і жұмысын аяқтап, олардың 314-і жұмыспен қамтылды (69,0%).
Қоғамдық жұмыстарға –9689 адам (164,6 %) (жоспар – 5885 адам, 4086.7 млн.тг.) жолданып, 2638-і жұмысын аяқтап, олардың 1042-і жұмыспен қамтылды (39,4%).
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасына 37 адам (жоспар - 36 адам, 12,6 млн. тг.), «Алғашқы жұмыс орнына» (жоспар - 75 адам, 34,3 млн. тг.) 92 адам жолданды.
Солтүстік өңірлерге 88 отбасы (құрамында 249 адам) қоныс аударды.
Қостанай облысына 18 отбасы құрамында 50 адамымен, Солтүстік Қазақстан облысына 18 отбасы 63 адам, Шығыс Қазақстан облысына 9 отбасы 18 адам, Павлодар облысына 43 отбасы, 118 адам.
Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасы.
Қызылорда облысында Жұмыспен қамту жол картасы аясында ағымдағы жылы 9 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 4 жоба бойынша жұмыстар басталды, 47 жұмыс орны құрылды.
2 мектептің құрылысы және 2 қосалқы станцияны қайта жаңғырту. 1 жоба бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынымен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамасының орындалуы іс мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтатылып отыр.
Облыс бойынша жол карта шеңберінде орташа жалақы көлемі 88 мың теңгені құрап отыр.
Кәсіпорындарда қызметкерлерді қысқартудың алдын алу бойынша
39 кәсіпорында 314 адам қысқартылды (Қызылорда қ. – 176, Арал ауданы – 2, Қазалы ауданы – 34, Байқоңыр қ. – 92, Қармақшы ауданы -1, Жалағаш ауданы – 2, Шиелі ауданы - 1,Cырдария ауданы-1, басқа облыстардың тұрғындары–5), оның ішінде 14 адам жұмысқа орналастырылды, жұмысынан айырылу бойынша 26 адамға төлем тағайындалды.
Кәсіпорындардың қызметкерлерін босатудың алдын алу мақсатында облыс бойынша 37 кәсіпорыннан тұратын тізім жасалды.
2017-2025 жылдарға арналған жұмыс күшінің ағыны бойынша Жол карталары 31 ірі кәсіпорындармен жасалды.
2016 жылдан бастап әлеуметтік шиеленісті болдырмау және жұмыс орындарын сақтау мақсатында 61 мыңға жуық адамды (3328 мекемелермен кәсіпорындар, оның ішінде 49 ірі және 3279 орта) қамтитын жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша облыстың жұмыс берушілерімен меморандумдар жасалды.