Жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыздар саны – 17,0 мың адам (2020 ж. 1 т.-16,9 мың адам).
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 % (2020 ж. 1 т.-4,8 ),
Жұмыссыз жастар саны – 3400 адам;
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,2 % (2020 ж. 1 т. – 4,2%).
Жаңа жұмыс орындарының құрылуы
17954 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 16464 (91,7%) жаңа жұмыс орындары құрылды, 6328 - тұрақты орындар (35,2 %).
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 19894 адам хабарласып, олардың 15646-ы (78,6%) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, 5669 (30,7%). тұрақты жұмыспен қамтылды.
Хабарласқандар қатарынан жұмысынан айырылуына байланысты 2939 адамға композиттік қызмет көрсетілді.
Жұмыспен қамту органдарына мүгедектігі бар 550 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (өткен жылдан өтпелі адам саны есебінен 119 адам). («Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 51 адам жолданды (13-і шағын несие алып, 9-ы өз ісін ашты. 30-ы грант алды. 91 тұрақты жұмысқа, 17 әлеуметтік жұмысорындарына, 15 жастар тәжірибесіне, 427 ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды).
Облыста жыл басынан бері 35 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 942 адамға жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне (401 адам-тұрақты) жолдама берілді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 11.9 млрд. теңге (17666 адам) қаралған, игерілгені 3,3 млрд. теңге (1 маусымдағы мәлімет).
Бағдарламаға қатысушы ретінде 17294 адам енгізілді.
жұмыссыздар- 62,2% (10749 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 20,1% (3480 адам), жұмыс іздеушілер–17,7% (3065 адам).
Бағдарламаның бағыттары бойынша:
Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету
Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 15671 адам қамтылды.
Бос жұмыс орындарына орналасқаны – 5669 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 768 адам (112,1%) (жоспар– 685 адам, 346,6 мың.тг.) жолданып, олардың 115-і жұмысын аяқтап, 94-і тұрақты жұмыспен қамтылды (81,7%).
Жастар тәжірибесіне – 986 адам (45,3%) (жоспар - 2175 адам, 950,9 мың.тг.) жолданып, 107-і жұмысын аяқтап, олардың 64-і жұмыспен қамтылды (60%).
Қоғамдық жұмыстарға – 8223 адам (139%) (жоспар - 5885 адам, 4086.7 млн.тг.) жолданып, 1419-і жұмысын аяқтап, олардың 342-і жұмыспен қамтылды.
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасына 14 адам (жоспар - 36 адам, 12,6 млн. тг.), «Алғашқы жұмыс орнына» (жоспар - 75 адам, 34,3 млн. тг.) 11 адам жолданды.
Жұмыспен қамту жол картасы туралы
Бюджеттік инвестициялық жобаларға 4,4 млрд. теңге қаржы бағытталуда. Бөлінген қаржыға 6 жоба жүзеге асырылмақ, яғни 4 білім нысандарының құрылысы (Әйтеке би, Жаңақорған кенттерінде және Қызылорда қаласында) және 2 Қызылорда қаласындағы электрмен қамту қосалқы стансиясын қайта жаңғырту (Залинейная, Комсомол).
Аталған жобалар 1376 жұмыс орынын ашуға жоспарлануда (810 уақытша, 566 тұрақты жұмыс орыны ашылады), жобаларды жүзеге асыру барысында жергілікті қамту үлесі 90% және орташа жалақы көлемі 85000 теңгеден төмен емес көлемінде жоспарлануда.
Кәсіпорындарда қызметкерлерді қысқартудың алдын алу бойынша
37 кәсіпорында 238 адам қысқартылды (Қызылорда қ. – 104, Арал ауданы – 1, Қазалы ауданы – 34, Байқоңыр қ. – 91, Жалағаш ауданы – 2, Шиелі ауданы - 1, басқа облыстардың тұрғындары–5), оның ішінде 14 адам жұмысқа орналастырылды, жұмысынан айырылу бойынша 26 адамға төлем тағайындалды.
Кәсіпорындардың қызметкерлерін босатудың алдын алу мақсатында облыс бойынша 37 кәсіпорыннан тұратын тізім жасалды.
2017-2025 жылдарға арналған жұмыс күшінің ағыны бойынша Жол карталары 31 ірі кәсіпорындармен жасалды.
2016 жылдан бастап әлеуметтік шиеленісті болдырмау және жұмыс орындарын сақтау мақсатында 54 мыңға жуық адамды (шамамен 3095 кооператив, оның ішінде 49 ірі және 3046 орта) қамтитын жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша облыстың жұмыс берушілерімен меморандумдар жасалды.