Меню

Страницы

Статья

"ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ" МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.
Қағидаға сәйкес қандас мәртебесін беруге өтінішті қандас мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға тиісті құжаттарды қоса бере отырып ұсынады
(Өмірбаян (еркін нысанда); өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттардың көшірмелері).
Бүгінгі күні облыс аумағына тіркелген 17 адамға (14 отбасы) қандас мәртебесі беріліп, 2 адамның мәртебесі ұзартылды.
Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы