ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ
Шетелдік жұмыс күшін тартуға 1437 бірлік квота бөлінген (1-ші санат - 39, 2-ші санат - 467, 3-ші санат - 892, 4-ші санат - 39 бірлік).
Облыста бірлескен 23 кәсіпорын жұмыс атқарады. Қазақстандық мамандардың саны – 5458 адам.
«Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңды тұлғалардан 126 өтініш түсіп, 267 бірлік рұқсат берілген, 110,0 млн. теңге көлемінде салық алымы төленген.
Рұқсатпен 205 шетел азаматтары (201 – Қытай, 1 – АҚШ, Сербия–1, Румыния - 2) жұмыс атқарып келеді (1-санат – 18 адам, 2-санат – 76 адам, 3-санат –111 адам).