Қызылорда облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына дайындық және оны мерекелеуді өткізуге байланысты атқарылатын іс-шаралар туралы
1. Қызылорда облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына дайындық және оны мерекелеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2. Облыс әкімінің қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін мерекелік қабылдау – 50 адам («Гранд Плаза» мейрамханасы, 2018 жылғы 5 мамыр, сағат 12:00).
3. 2018 жылғы сәуір айының соңына дейін біржолғы материалдық және әлеуметтік көмектерді ардагерлердің есеп-шотына аударуды ұйымдастыру:
2018 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша өңірімізде 37 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және 5726 тыл еңбеккерлері бар.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 422,3 млн. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде;
37 - Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне - 192400 (80 АЕК) теңгеден;
82 - Ұлы Отан соғысы жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендері мен медальдарымен наградталған адамдарға - 120250 (50 АЕК) теңгеден;
5382 - Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен адамдарға 72150 теңге (30 АЕК) мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Бүгінгі күнге әлеуметтік көмектерді төлеу жұмыстары басталды, сәуір айының соңына дейін ардагерлердің жеке шотына толығымен аударылады.