Мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту
(01.01.2020 ж.)
Облыста 30100 мүгедек бар. (I топ - 2952, II топ - 10844, III топ – 11300 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5004).
Үйде қызмет көрсетілетін 848 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және 1208 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
12793 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 21369 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 791 мүгедек жұмыспен қамтылды (441 - тұрақты, 36 - әлеуметтік жұмыс, 33 - жастар тәжірибесі, 281 - қоғамдық жұмыс).