Меню

Страницы

Статья

2019 ЖЫЛҒА МІНДЕТТЕР

                            2019 ЖЫЛҒА МІНДЕТТЕР

1.  Жұмыссыздық деңгейін 4,8% деңгейінде ұстап тұру;

2.  10 мыңнан кем емес жаңа жұмыс орындарын құру;

3. 2019 жылға арналған Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспардың аясында 40 мыңға жуық жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен камту;
4. Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін заңдастыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасын орындалуын қамтамасыз ету;
5. Электрондық еңбек – биржа порталы арқылы 14 мыңнан астам азаматтарды жұмыспен қамту;
6. Жұмыс берушілерді еңбек биржа порталына және е-HR   (электронды кадрлық есеп) дерекқорына қосылуын қамтамасыз ету;
7. Облыс бойынша болжамды қызметкерлер санының өзгеруіне байланысты  23 орта кәсіпорындарымен қызметкерлердің ағынын басқару Жол Картасын қабылдау;
8. Ірі, орта және кіші компанияларда төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстарды атқару;
9.  Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің уақытылы төленуін қамтамасыз ету;
10. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2019-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің орындалуын қамтамасыз ету;
11. Қызылорда облысы бойынша егде жастағы  азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.


 


 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

(01.01.2020 ж.)

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2019 жылдың 3 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 348,2 мың адам (2018 ж.3 т.  – 354,5 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 331,7 мың адам (2018 ж.3 т. – 337,5 мың адам).

Жұмыссыздар саны – 16,6 мың адам (2018 ж. 3 т.– 17 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды (2018 ж. 3т. – 4,8%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) – 4,1 пайызды құрады (2018 ж. 3 т. – 4,2  пайыз).

2019 жылы 12300 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, жыл қорытындысымен  17291 (140,6%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 12678 тұрақты орындар (103,1 %).

«Жұмыс орындарын құру мониторингі интеграцияланған картасы» автоматтандырылған жүйесіне 9 бағдарлама бойынша 16471  орын енгізілді.

Анықтама үшін. Бағдарламалар бөлінісінде: «2015-2019 жылдарға Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» – 125 орын, «Нұрлы жол» – 20 орын, «Нұрлы жер» – 760 орын, «2017-2021 жылдарға Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» – 13 орын, «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» - 280 орын, «Еңбек» – 6244 орын, «Аумақтарды дамыту» – 5260 орын, жеке бастамаларда – 3698 орын, мемлекеттік жеке меншік әріптестік – 71 орын.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 34488 адам хабарласып, олардың 16359–ы немесе 60,4% - тұрақты жұмыспен қамтылды.                                                   

Нысаналы топтарға жататын 999 адамның (мүгедектер – 635, жазасын өтеп келгендер – 363, оралман -1) 697-і немесе 69,8 пайызы жұмыспен қамтылды (мүгедектер – 441, жазасын өтеп келгендер - 256).

Облыста 94 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп,1211 жұмыс беруші 4014 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 6647  жұмыс іздеушілер қатысып, 4546-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне, (оның ішінде 3287 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.

2019 жылға «Еңбек. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 10,1 млрд. теңге қаралды, игерілгені 9,4 млрд. теңге немесе 93 пайыз.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 31125 адам енгізілді (жұмыссыздар- 42,2% (13152 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 8,6% (2675 адам), жұмыс іздеушілер - 35,8% (11158 адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) – 13,4% (4140 адам).

Бағдарламаның бағыттары бойынша.

Бірінші бағыт -Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1515 адам оқуға қабылданды (жоспар - 1515 адам).

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер (шаштараз, тігінші, визажист, маникюр, кондитер және т.б.) бойынша  қысқа мерзімді оқытуға 2191 адам (75%) жолданды (жоспар - 2919 адам).  Оқу курстарын аяқтаған 1384 адам (67,9%) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып,             749-ы тұрақты жұмысқа орналасты, 635-і мемлекеттік грант алды.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3260 адам жолданды (жоспар - 3140), оқуды аяқтаған 250 адам шағын несие, 1358 адам мемлекеттік грант алды.

«Жас кәсіпкер» жобасымен 1164 адам жолданып, оқуды аяқтаған 18 адам шағын несие, 571 адам мемлекеттік грант алып өз кәсіптерін ашқан.

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 1125 адамға шағын несие берілді (101,2 %) (жоспар - 1112). Қосымша 1070 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды.

3) жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 3118 адамға 1368,0 млн. теңгеге мемлекеттік грант беріліп, өз кәсіптерін ашты.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 27852 адам қамтылды:

- бос жұмыс орындарына - 16359 адам (125,8 %) (жоспар 13004);

- әлеуметтік жұмыс орындарына - 1275 адам (жоспар – 578), 777 адам тұрақты жұмысқа орналасты (67,6%).

- жастар тәжірибесіне - 3207 адам (жоспар 2449), 837 адам тұрақты жұмысқа орналасты (28,7%).

- қоғамдық жұмыстарға - 7011 адам (жоспар - 6400), 720 адам тұрақты жұмысқа орналасты (10,9%).

Солтүстік өңірлерге 114 отбасы/251 адам (Қостанай - 43 отбасы/104 адам, СҚО - 22 отбасы/59 адам, ШҚО - 44 отбасы/79 адам, Павлодар - 5 отбасы/9 адам) қоныс аудару квотасына енді (жоспар - 166 отбасы).

 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек: 2019 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 19,1 млрд.теңге (РБ-17,7 млрд.теңге, ЖБ-1,4 млрд.теңге) қаражат қаралды.

Есепті кезеңге 31 481 отбасына (156 466 адамға) 19,0 млрд.теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмектін 1 адамға орташа айлық мөлшері 10990,8 теңгені құрады.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2886 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның 1333-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1381 адам қоғамдық жұмыстарға, 31 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 49 адам жастар тәжірбиесіне, 92 адам қайта даярлау курстарына оқуға жіберілді.

Тұрғын үй көмегі: 2019 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге          435,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 6817 отбасына 286,2 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып, 6800 отбасына 315,2 млн.теңге төленді (өткен жылдан ауыспалы қалдық – 28,9 млн.теңге). көмек төленді.

Жыл басынан бері демеушілер тарапынан өткізілген қайырымдылық іс-шаралар аясында 5 мыңға жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 334,8 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 16535 адамға 1199,0 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 27 адамға -13,0 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлеріне - 60 адамға – 7,6 млн. теңгеге;

- ҰОС жылдарында кемінде тылда 6 ай жұмыс істеген азаматтарға - 4798 адамға – 363,4 млн. теңгеге;

- Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 595 адамға – 105,2 млн. теңгеге;

- ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілеріне - 2 адамға - 0,3 млн. теңге;

- Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – 259 адамға- 19,6 млн. теңгеге;

- Совет Армиясының мүгедектері – 72 адамға – 5,4 млн. теңгеге;

- Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқан 507 адамға - 38,4 млн.теңге;

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 27 азаматқа 1,8 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1521 адамға қосымша тамақтануға 219,1 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 41 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 8,5 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 19 отбасына 4,5 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 959 мүгедек балаға 39,1 млн. теңгеге;

-саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 248 адамға - 1,9 млн. теңгеге;

-аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 6800 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүруге 64,6 млн.теңге.

- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 600 студентке білім аберу қызметіне ақы төлеу үшін 306,6 млн. теңгеге.

МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

                Облыста 30100 мүгедек бар. (I топ - 2952, II топ - 10844, III топ – 11300 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5004).

Үйде қызмет көрсетілетін 848 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және 1208 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

12793  жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 21369 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 791 мүгедек жұмыспен қамтылды (441 - тұрақты, 36 - әлеуметтік жұмыс, 33 - жастар тәжірибесі, 281 - қоғамдық жұмыс).

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

Бұрын сотты болғандардан 339 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді, 312 адам пробация қызметінің есебіндегі, 27 адам жазасын өтеп шыққандар.

241 адам тұрақты, 52 адам қоғамдық, 3 адам әлеуметтік жұмысқа орналасты, 49 адам кәсіби оқытуға және қайта даярлауға, 5 адам жастар тәжірибесіне жолданды. 20 адам атаулы әлеуметтік көмек, 4 адам несие алды.

 

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Шетелдік жұмыс күшін тартуға 1437 бірлік квота бөлінген (1-ші санат - 39, 2-ші санат - 467, 3-ші санат - 892, 4-ші санат - 39 бірлік).

Облыста бірлескен 23 кәсіпорын жұмыс атқарады. Қазақстандық мамандардың саны – 5458 адам.

«Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңды тұлғалардан 126 өтініш түсіп, 267 бірлік рұқсат берілген, 110,0 млн. теңге көлемінде салық алымы төленген.

Рұқсатпен 205  шетел азаматтары (201 – Қытай, 1 – АҚШ, Сербия–1, Румыния - 2) жұмыс атқарып келеді (1-санат – 18 адам, 2-санат – 76 адам, 3-санат –111 адам).

ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ, ҰЗАРТУ

Облыс аумағына тіркелген 26 отбасы/33 адамға оралман куәлігі берілді (21 отбасы/28 адам - Өзбекстан Республикасынан, 2 отбасы/2 адам – Қырғызстаннан, Ресей Федерациясынан – 1 отбасы/1 адам, Тәжікістаннан – 1 отбасы/1 адам, Монғолиядан – 1 отбасы/1 адам).

7 отбасы/12 адамның оралман мәртебесінің мерзімі өтуіне байланысты  3 айға дейінгі мерзімге ұзартылған.

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде стационарлық жағдайда 762 мемлекет қамқорындағыларға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Күндізгі болу бөлімшелерінде 652 адамға арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Мүгедектердің оңалту орталығында 1005 адамға қызмет көрсетілуде.

Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта 220 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары аясында ашылған        «Думан-Шиелі» ЖШС-і орталығында 375 адамға, оның ішінде 55 мүгедек-балаға, 320 зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия 4 рет өткізілді. төменгі денгейде жалақы алатын қызметкерлердің жалақыларын көтеру, 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынынын басқару Жол Карталарының орындалуы, кәсіпорындар тарапынан өз қызметкерлері арасындағы көп балалы, аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмектер, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2019» және еңбек әулеттерінің Республикалық «Еңбек Жолы» конкурстарын өткізу қаралды.

Жалақысын көтеруді мониторингілеу бойынша аймақтық штаб құрылды.

Жұмыс жасап тұрған 7074 мекемедегі (1179 бюджеттік, 5895 жеке кәсіпорындар) 53 841 қызметкерлерге 50 мың теңгеге дейін  жалақы төленуде (30679 бюджеттік, 23162 жеке кәсіпорындар).

Бюджеттік мекемелердегі 25 303 штаттық бірлікке (30679 адам) 4,747  млрд. теңге қаржы бөлініп, жыл басынан еңбек ақылары көтерілді.

 72 ірі кәсіпорындарының, 66 кәсіпорындар (41-і мемлекеттік мекемелер, 19-ы жеке кәсіпорындар) қызметкерлердің жалақысын 58,4 теңгеден 72,0 теңгеге дейін көтерді   немесе 23,3%.

Осы ірі кәсіпорындарының  41–і жергілікті мемлекеттік кәсіпорындар орташа 30 %. Мемлекеттік кәсіпорындардағы төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысы жыл басынан көтерілді, ол үшін тиісті қаржылар бюджеттен бөлінді. Сонымен қатар, бүгінгі күнге 31 жеке ірі кәсіпкерлік субъектілерінің 25-і төмен жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын орташа 30 пайызға көтерді.

Қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары

Облыста 37 ірі және орта кәсіпорындар тізімі анықталып,                             28 кәсіпорынмен (500-ден аса жұмыскерлері бар 19 және 250-ден аса жұмыскерлері бар 9 кәсіпорынмен) 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары бекітілген.

Жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша меморандумдар

2016 жылдан бастап облыстағы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу, жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) ынтымақтастық туралы 3208 (оның ішінде 49 ірі кіші және орта 2926) кәсіпорындармен меморандумдар жасалып, оған 54 мынға жуық адам қамтылды (2018 жылы - 151 меморандумдар, 2019 жылы - 82 меморандумдар).

 

Дата публикации
19 февраля 2020
Дата обновления
19 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы