Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2026 жылғы І-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат:
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.
Басқарма қызметкерлері мен оған қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тоқсан сайын құқықтық оқулар өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құқықтық оқулар барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі шараларды қабылдау мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларының алдын алу және оларды реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік көзделетіні туралы ескертілді.
Сонымен қатар, басқармаға мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өздеріне қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді.
Басқармада құқықтық жалпыға міндетті оқу шеңберінде тұрақты түрде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын түсіндіруге бағытталған оқулар өткізілді.
Облыс әкімі аппараты басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 1–30 маусым аралығында басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау барысында басқарма бөлімдерінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенді.
«Documentolog» платформасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары» тақырыбында онлайн-курс әзірленді. Мемлекеттік қызметшілердің аталған курстан өтуі «2026 жылға арналған №4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру жөніндегі жобалық картада» көзделген. Басқарманың барлық қызметкерлері аталған курсты толық аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды.
Басқарма қызметкерлерінің бірі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Барлық мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы тұрақты түрде ескертіліп отыр.
Есепті кезеңде басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасау, сондай-ақ осыған байланысты тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы ақпарат тұрақты түрде ресми веб-порталда орналастырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Қызылорда облысының әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлының қатысуымен басқарма қызметкерлері мен басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер өткізілді.
Қорытындылай келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жұмыстары тұрақты бақылауда. Алдағы уақытта да осы бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде жалғастырылатын болады.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат:
Басқарма қызметкерлері мен қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тоқсан сайын құқықтық оқытулармен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құқықтық оқу барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдау, өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болатындығы туралы ескертілді.
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары мен мiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді.
Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді.
«Documentolog» платформасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн курс дайындалған. Мемлекеттік қызметшілердің бұл курсты өту қажеттілігі «№ 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасында бекітілген. Аталған курстан басқарманың барлық қызметкерлері өтіп, сертификаттар алды.
Басқарма қызметкерінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктілігі арттырылды.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген.
Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Қызылорда облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» № 4 ҮББ жобаларын орындау бойынша нұсқаулыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында басқарма қызметкерлеріне және басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда болып, іс-шаралар жалғастырыла береді.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2025 жылғы І-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат:
«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мақалалар жариялау, құқықтық оқыту жүргізу, бюджеттің интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, интернет-конференциялар өткізу көзделген.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұсынған «пара алу, пара беру-қылмыс», «сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақысы», «call centre 1424» туралы ақпарат орналастырылған.
Ағымдағы жылдың маусым айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің өкілі және Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы», және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бұл қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналды, оның ішінде «құмар ойындар, бәс тігуге қатысу, лудомания және дропперлер мәселелері».
Семинарда қызметкерлер мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жеке мүдделерін қанағаттандыру үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатыны және қызметтік әдепті қатаң сақтауды талап ететіні туралы ескертілді.
Сонымен қатар, басқарманың әлеуметтік желісінің беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жарияланымдар жарияланды.
Мұндай түсіндіру шаралары жұмыс барысында бөлім басшылары да жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықпен кері байланыс жұмысы жолға қойылды, басқармаға барғысы келетін азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, жұмыс барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттерге жол бермеу жағдайларына бақылау жүргізілді. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылыққа жол беру жағдайлары анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын әлеуметтік проблемаға төзбеушілік қатынасты қалыптастыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, «Facebook», «Instagram» және «Gov kz» ресми сайтында басқарманың қызметінің ашықтығын, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жолға қойылды, атқарылған жұмыс туралы мақалалар мен жаңалықтар басқарманың әлеуметтік желілерінде уақтылы жарияланады.
Бұдан басқа, басқарманың бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің», «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдардың талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, аталған заңдардың талаптарын орындау олардың лауазымдық міндеттеріне енгізілген.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат:
Басқарма қызметкерлері мен қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тоқсан сайын құқықтық оқытулармен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құқықтық оқу барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдау, өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болатындығы туралы ескертілді.
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары мен мiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді.
Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді.
Қызылорда облысының әкімі өкімі және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлескен бұйрығының негізінде Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелерге жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты жоспарлау, игеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2020-2023 жылдар аралығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдаумен қаржылық жоспар, еңбекақы төлеу қоры, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік сатып алу мәселелері, кадрлық мәселелер, IT-өнімдер, қоғамдық, әлеуметтік және өзге де жұмыстар, атаулы әлеуметтік көмек, жеке көмекшілер, әлеуметтік қызмет порталы, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру және адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет бағыттары қамтылды.
«Documentolog» платформасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн курс дайындалған. Мемлекеттік қызметшілердің бұл курсты өту қажеттілігі «2024 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасында бекітілген. Аталған курстан басқарманың барлық қызметкерлері өтіп, сертификаттар алды.
Басқарма қызметкерінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктілігі арттырылды.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген.
Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Қызылорда облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әдеп жөніндегі уәкілі Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» № 4 ҮББ жобаларын орындау бойынша нұсқаулыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында басқарма қызметкерлеріне және басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда болып, іс-шаралар жалғастырыла береді.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2023 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары мен мiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді.
Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді.
Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай-ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды.
«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексі және Әдеп жөніндегі өкіл туралы стенді жаңартылып, Басқарманың қабылдау бөліміне орналастырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген.
Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес 2023 жылы ақпан айында Басқармада ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оған сәйкес іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жалпы, Ішкі талдау рәсімдері белгіленген үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді, ол бойынша тыңдау өткізіліп, қажетті құжаттардың барлығы ресми интернет-ресурста жарияланды.
«Қызылорда облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әдеп жөніндегі уәкілі Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» № 4 ҮББ жобаларын орындау бойынша нұсқаулыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында басқарма қызметкерлеріне және басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда болып, іс-шаралар жалғастырыла береді.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылау жүргізіледі, бюджеттің дұрыс жасалуына және атқарылуына мониторинг, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді анықтау мақсатында басқарма ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына, сондай-ақ оларды жүргізу жөніндегі практикалық ұсынымдарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Сондай-ақ, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, ұсынылатын техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қызметтер порталын» (бұдан әрі – Портал) әзірледі.
Порталды енгізу шеңберінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін алып тастау және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін сатып алуды қаржыландыру жүйесін оңтайландыру көзделген. Бұл мүгедектігі бар адамдарға арналған тауарларды өткізу нарығына жағымды әсер етеді және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Портал әлеуметтік қызметтерді алушылар мен жеткізушілердің бірыңғай цифрлық алаңында біріктіреді. Бұл әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті арттырады, әлеуетті өнім берушілер қаражаты мен оңалту қызметтерін сатып алуға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылатынын атап өту қажет. Бұл алаң тиісті жобаны әзірлеу кезеңінде жұртшылықпен кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау мақсатында әлеуметтік көмек, құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару, шетел жұмыс күшін тарту бөлімдерінде, басқарма басшысының орынбасарларында және дәліздерде 2016 жылдан бастап бейнебақылау орнатылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы цифрландырудың аймақтық жобаларын іске асыру бойынша анықтама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» №754 қаулысына сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының 55 түрі және әлеуметтік оңалту қызметтерінің 3 түрі (санаторий-курорттық емделу қызметі, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі, ымдау тілі маманының қызметі) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес алынып келді.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға» сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен жеткізушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бастап Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (әрі қарай - Портал) енгізілді.
Осы бірыңғай цифрлық алаңда мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын кез-келген интернет жүйесіне қосылған құрылғымен (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі.
2020 жылы мүгедектер жеке іріктеуді талап етпейтін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың 24 түрі бойынша Портал арқылы қамтылып келеді. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде санаторий-курорттық емделу қызметін, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін, ымдау тілі маманының қызметін мүгедектігі бар адам Портал арқылы алуы жоспарланды.
2021 жылдан бастап техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және әлеуметтік оңалту қызметтерін ұсыну толығымен Портал арқылы жүргізілетін болады.
Осылайша, биылғы жылы мүгедектерге алынатын техникалық оңалту құралдарын мемлекеттік сатып алу жұмыстары 13 пайызға қысқарды.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілген қызметтер
Қазақстан Республикасының Мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы қолданысқа енгізілді. Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану үшін 3636 мүгедектігі бар адамға электронды цифрлық қолтаңбалар алынған.
Бүгінгі күнге Порталда өтінім беруге қолжетімді 746 көмек түрлері бойынша 394 өтінім беріліп, жеткізілген 171 тапсырыс бойынша төлем жүргізілген.
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні іріктеу жөніндегі комиссиялар бекітілді (05.01.2020 ж. №5 бұйрықпен арнаулы әлеуметтік қызметтер және 24.01.2020 ж. №26 бұйрықпен оңалтудың техникалық құралдары бойынша).
Бүгінгі күнге, Портал тізіліміне тіркелуге арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын 24 өнім беруші өтініш беріп, оның 14-і порталға енгізіліп, 10 кері қайтарылды.
Қызылорда облысында мүгедектігі бар адамдар арасында жергілікті деңгейде әлеуметтік қызмет көрсету порталы мәселелері бойынша, сондай-ақ техникалық оңалту құралдарын жеткізушілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігі туралы ақпаратты цифрлау
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруларына жағдай жасау мақсатында өңір бойынша 2326 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу жүргізіліп, олардың ішінен мүгедектерге қолжетімді жағдай жасау үшін бейімдеуге жатқызылған 1210 нысанның бүгінгі күні барлығына 100% бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
Өз-өзіне қызмет көрсету аймақтарында электрондық еңбек биржасын пайдалану
Облыста барлық 9 жұмыспен қамту орталықтарында өз–өзіне қызмет көрсету алаңдары ашылған. Жыл басынан 40265 адам «Электрондық еңбек биржасын» пайдалану туралы оқытылды. 32661 адам интернет–ресурстың мәліметтерімен пайдаланды.
Ірі және орта кәсіпорындармен кездесулер, семинарлар өткізіліп Электрондық еңбек биржасымен пайдалану, бос жұмыс орындары енгізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отбасының сандық әлеуметтік картасын қолдану (ЦД).
«Е-халық» ақпараттық жүйесіне 254 мың отбасы құрамында 797 мың азаматтың электрондық әлеуметтік карталары енгізілді. Өткен жылы ақпараттық жүйедегі жүргізілген мониторинг бойынша 949 отбасы (4932 адам) «дағдарыс» жағдайында болса, азаматтардың өтінішінсіз белсенді түрде әртүрлі салаларда - медициналық, білім беру және т.б. қызметтер көрсету нәтижесінде олардың саны 2 отбасына (13 адам) дейін азайды.
Әлеуметтік-еңбек саласында электрондық қызмет көрсету үлесін 70% - ға дейін арттыру.
Қызылорда облысының әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үлесі – 61 пайыз құрап отыр.
Жергілікті атқарушы органдарымен әлеуметтік қорғау саласында 18 мемлекеттік қызмет көрсетіледі (әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 38 мемлекеттік қызмет). Оның ішінде 14 қызмет ішінара автоматтандырылған.
Есепті кезеңге 40070 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық портал арқылы - 2840; мемлекеттік орган арқылы - 18953, ХҚКО арқылы - 18277.
Біріңғай жиынтық төлем төлеушілерге жұмыспен қамту шараларын жасау.
Облыс бойынша біріңғай жиынтық төлем төлеген 103821 азамат жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде үміткер бола алады. Оның ішінде еңбек делдалдығы үшін халықты жұмыспен қамту органдарына 8781 адам тіркеліп, 3613-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (41,1%) (1591 адам Жұмыспен қамту жол картасының жобаларына, 639 - тұрақты жұмыс орындарына, 104 – әлеуметтік жұмыс орындарына, 413 – жастар тәжірибесіне, 794 – қоғамдық жұмыстарға орналастырлды, 67 – қысқа мерзімді оқыту курстарына, 5 – шағын несиемен қамтылды