Меню

Страницы

Статья

2020 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ

      Нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 18 283 902,8 мың теңге қаралып, 18 115 272,1 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,1 пайыз орындалды, игерілмегені 168 630,7 мың теңге, оның ішінде:

жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты  іске асыру жөніндегі қызметтерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 124 813,0 мың теңге қаралып, 124 812,6 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,4 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы; 

әлеуметтік қамтамасыз етуге

республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 214 317,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;    

жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 2 197 732,7 мың теңге, игерілгені 2 197 725,3 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 7,4  мың  теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен                       1 242 474,8 мың теңге қаралып, 1 073 891,9 мың теңге игерілді немесе 86,4 пайыз, игерілмеген 168 582,9 мың теңге: 144 644,6 мың теңге - мемлекеттік сатып алудан үнемделген, 23 938,0 мың теңге - нақты көрсетілген қызметтерге сәйкес төленген қаржы қалдығы қаржы қалдығы;

республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 125 189,3 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған ағымдағы іс-шараларды іске асыруға» ақпараттық – түсіндіру жұмыстарына 2 814,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 1 468,0 мың  теңге қаралып, 1 428,0 мың  теңге игерілді немесе 97,3 пайыз, игерілмегені 40,0  мың  теңге - мемлекеттік сатып алудан үнемделген;

кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен 118 818,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жергілікті бюджеттен 126 834,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;

төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 14 129 442,0 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.

Дата публикации
28 января 2021
Дата обновления
28 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы