Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2021 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 21 771 772,0 мың теңге қаралған, І-тоқсанына 2 752 968,0 мың теңге қаралып, 2 752781,2 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайыз орындалды, игерілмегені 186,8 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 27983,0 мың теңге қаралып, 27980,0 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 3,0 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 62 829,0 мың теңге қаралып, 62 722,2 мың теңге игерілді немесе 99,8 пайыз, игерілмегені 56,8 мың теңге – нақты есептерге сәйкес төленген қаржы қалдығы;
республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар есебінен қаралғаны 524 150,0 мың теңге, игерілгені 524 024,7 мың теңге немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 125,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 13 432,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен өзге де шығыстарға берілетін субвенциялар есебінен 24 916,0 мың теңге қаралып, 24 916,0 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз,
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 981 503,0 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.