Нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 18 493 917,5 мың теңге қаралған.
2020 жылдың 1 желтоқсанына 15 150 660,7 мың теңге қаралып, 15 142 956,4 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайыз орындалды, игерілмегені 7 704,3 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 108 375,0 мың теңге қаралып, 108 371,6 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 3,4 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 194 330,0 мың теңге қаралып, 194 249,7 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, 80,3 мың теңге – нақты есептерге сәйкес төленген қаржы қалдығы;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 1 940 375,7 мың теңге, игерілгені 1 935 671,1 мың теңге немесе 99,8 пайыз, игерілмегені 4 704,6 мың теңге: 106,1 мың теңге - жалақы қоры мен салықтардан, 229,1 мың теңге - кеңсе тауарлары, 100,0 мың теңге - көрсетілген қызметтерге өнім берушілер тарапынан төлем құжаттары ұсынылмаған, 4 256,1 мың теңге - жанармай жеткізілмегендіктен қалған қаржы, 13,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
мүгедектерді әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 450 578,4 мың теңге қаралып, 450 576,4 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 2,0 мың теңге – қаржы қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 98 664,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған ағымдағы іс-шараларды іске асыруға» ақпараттық – түсіндіру жұмыстарына 2 814,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жергілікті бюджеттен 107 683,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 12 247 840,6 мың теңге бөлініп, аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне 12 244 926,6 аударылды немесе 100 пайыз, игерілмеген 2 914,0 мың теңге - Қызылорда қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан мекеменің шотына 30.11.20 ж. қате аударылған қаржы.