Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ 01. 07.2020 жылға

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

 

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 351,0 мың адам (2019 ж – 347,9 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 334,1 мың адам (2019 ж. – 331,7 мың адам).

Жұмыссыздар саны – 16,9 мың адам (2019 ж.– 16,6 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды (2019ж.–4,8%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,2 пайызды құрады (2019 ж..– 4,2  пайыз).

2020 жылы 12 602 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,                                    1 шілдеге  7080  (56,2%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 4956 тұрақты орындар (70 %).

«Жұмыс орындарын құру мониторингі интеграцияланған картасы» автоматтандырылған жүйесіне 8668 жұмыс орындары енгізілді: «Еңбек»-3040, «Жұмыспен қамту жол картасы» - 4792, «Цифрлық Қазақстан» -39, «Ауыл ел бесігі» - 50, «Өңірлерді дамыту» - 175, Жеке бастамалар -572 орын.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 19387 адам хабарласып, олардың 37,3% немесе 7237–і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Нысаналы топтарға жататын азаматтар ішінен: мүгедектігі бар 321  адамның, жұмыспен қамтылғаны – 348 адам .

Хабарласқандар қатарынан жұмысынан айырылуына  байланысты  3518 адамға композиттік қызмет көрсетілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Облыста 20 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 251 жұмыс беруші 1861 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2181  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 804-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне, (оның ішінде  581 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.

2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 13,2 млрд. теңге (27079 адам) қаралған.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 14077 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар - 67,5% (9500 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 10,9% (1537 адам), жұмыс іздеушілер-21,1% (2975 адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) – 0,5% (64 адам).

Бағдарламаның бағыттары бойынша.

Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 3065 адамды оқыту  жалғастыруда             (1 559,5 млн. теңге). Оның 318-і - оқуды аяқтаған, 219-і - жұмыспен қамтылған, 11- оқуын жалғастыруда, 9 – ҚР ҚК қатарына шақырылған, 27- бала күтімінде, басқалары -20, жұмыспен қамту органдарына тіркелгені- 31 адам. 

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1800 адам  441,1 млн.теңге(соның ішінде 660 жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, 1140 - ваучер).

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар - 2150 адам. Нақты  812  адам жолданды, оның 100 –і  оқуды аяқтап сертификатын алды.

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау –824 адам, 3353,3 млн.теңге қаралған, (оның ішінде ауылдық жерлерде 810 адам 3,3 млрд.теңге, қалалық жерлерде 14 адам 250,0 млн теңге). Ағымдағы жылдың 1 шілдеге 292 адам (275,0 млн.тг.) шағын несие алды. Қосымша 235 жаңа жұмыс орындары ашылды.

3) жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар – 3084 адамға 1634,8 мың.теңге -200 АЕК (530 мың т) жоспарланған.  1 шілдеге 1034 адам  (541,2 млн.тг.) грант алды.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен шараларымен 11972 адам қамтылды, соның ішінде:

- бос жұмыс орындарына орналасқаны – 4058 адам (жоспар 13900 адам, 29,2 %);

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 1095 адам, немесе 175 %  (жоспар – 626 адам, 316,6 млн.т) жолданып, олардың 264- і жұмысын аяқтап, 118-і тұрақты жұмыспен қамтылды, немесе  44,7% .

- жастар тәжірибесіне – 1641 адам немесе 38,3%  (жоспар 4282 адам, 1702,5 млн.т.), жұмысын аяқтаған 524 адамның 136-і тұрақты жұмысқа орналасты, немесе 25,9%.

- қоғамдық жұмыстарға – 5178 адам немесе 34,8 % (жоспар 14880 адам, 3923,4 млн.т.) жолданып, 1946-і жұмысын аяқтап, олардың 148-і жұмыспен қамтылды (7,6%).

Жыл басынан 15 мекеме кәсіпорындардан қысқартылған жұмыскерлер саны - 99 адам, оның 5-і жұмыспен қамтылған. . Қалғандары жұмыспен қамту органдарына хабарласпаған. 2019 жылы қысқартылғандар саны 27 мекемеден 461 адам, олардың 25 –і жұмыспен қамтылған, 82-і жұмыспен қамту органдарына тіркелген.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру.

Ағымдағы жылдың 3  шілдеге мәртебесі нақтыланбағандар саны 113231 адамды құраса, өзектендірілгені –108060 адам немесе 95,4%. Өзектендіруге тиіс - 5171 адам, соның ішінде: тіркелмеген жұмыссыздар саны 535 адам,  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар -70 адам, жеке қосалқы шаруашылықтарында жұмыспен қамтылғандар – 582 адам, заңдастырудан бас тартқандар -3289 мың адам, басқа да санаттағылар – 695 адам.

Жыл басынан Бірыңғай жиынтық төлегендер саны 1.07.2020 ж. - 73268 адам,   2019 жылы -40001 адам.

Жеке жұмыспен қамту агенттігі. Облыста 3 жеке жұмыспен қамту жеке агенттіктері Арал, Қазалы аудандарында тіркелген, Сырдария ауданында тіркелген қазіргі таңда жұмыс жасамайды. Жыл басынан аталған агенттіктерге 237 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан, 12-і тұрақты жұмыспен қамтылған.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту Жол картасы аясында облыс бойынша  36 957 000 мың теңге лимит көлемінде 276 инфрақұрылыдық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, оның ішінде келесі нысандар мен жұмыс түрлері бойынша:

- әлеуметтік-мәдени нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 12 276 254 мың теңгеге 125 жоба,  құрылатын 3268 жұмыс орындарымен.

- тұрғын үй-коммуналдық нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 7 476 225 мың теңгеге 42 жоба, құрылатын 1658  жұмыс орындарымен.

- инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 14 530 830 мың теңгеге 62 жоба, құрылатын 3474 жұмыс орындарымен.

- елді мекендері аббаттандыру 2 673 691 мың теңгеге 47 жоба,  құрылатын 899  жұмыс орындарымен.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандарының құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесіне 274 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталды.  270 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеу» интеграцияланған картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 6232 жұмыс орындары, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3967 жұмыс орны енгізілді. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде. 

Әлеуметтік жәрдемақы туралы

Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылуына байланысты ағымдағы жылдың 23 маусымдағы мәлімет бойынша 42500 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы 197107 адамға 8,4 млрд.теңге көлемінде көмек көрсетілді, екінші ай үшін  125 898  адамға 5,3 млрд. теңге төленді.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

53 472 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 2244,8 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек: 2020 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджетте 10,5 млрд.теңге қаралды (РБ - 8,9 млрд.теңге, ЖБ - 1,6 млрд. теңге).

Есепті кезеңге 49969 адамға (9458 отбасы) 2613,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 49496 адам (9144 отбасы) 2139,3 млн. тенгеге төленді.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2275 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның 955-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1219- қоғамдық жұмыстарға, 53- әлеуметтік жұмыс орындарына, 28- жастар тәжірбиесіне жіберілді.

Тұрғын үй көмегі: 2020 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге          418, 8 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 3991 отбасына 109,7 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып, 3976 отбасына 105,5 млн. теңге төленді.

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2020 жылға облыстық бюджеттен 49,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 5,2 млн. теңгеге түскі ыстық тамақпен қамтылды.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмек: 2020 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 13974 адамға 710,1 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 16 адамға -17,8 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлеріне - 36 адамға – 6,6 млн. теңгеге;

- ҰОС жылдарында кемінде тылда 6 ай жұмыс істеген азаматтарға - 4251 адамға – 424,9 млн. теңгеге;

- екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің, сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушыларының әйелдеріне 48 адамға-4,8 млн. теңге;

- Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 592 адамға – 47,1 млн. теңгеге;

- ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілеріне - 2 адамға - 0,7 млн. теңгеге;

- Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – 254 адамға- 21,1 млн. теңгеге;

- Совет Армиясының мүгедектері – 70 адамға – 5,8 млн. теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 280 адамға – 2,3 млн. теңгеге;

- Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқан 6 адамға – 0,5 млн.теңге;

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 23 азаматқа 0,8 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 997 адамға қосымша тамақтануға 108,0 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 37 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 3,9 млн. теңгеге;

-«АИТВ-инфекция» диагнозы бар 1 балаға 0,13 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген                          4 отбасына 1,7 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 973 мүгедек балаға 37,3 млн. теңгеге;

- аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 6384 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүруге 26,7 млн.теңгеге.

МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

30432 мүгедек тіркелген:

I топ – 3073;

II топ – 10774;

III топ – 11449;

18 жасқа дейінгі  балалар - 5136.

Үйде қызмет көрсетілетін 830 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және 1131 мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2946 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 11629 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 434 мүгедек жұмыспен қамтылды: 66 - тұрақты жұмыспен,  39 - «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында уақытша жұмыс орындарымен, 21 - әлеуметтік жұмыс орындарымен, 18 - жастар тәжірибесіне жіберілді, 290 - қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ШЕҢБЕРІНДЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 40 орынға «Қамқорлық» дағдарыс орталығы көрсетеді. Жыл басынан орталықтың қызметін алғандар саны - 52 отбасы/177 адам (о.і – 125 бала). Бүгінгі күні 16 отбасы/51 адам қызмет
(о.і – 35 бала) алуда.

Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін 56069,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 4885,0 мың теңге және қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 51184,0 мың теңге) қаржы қаралған.

Адам саудасының құрбандарына стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді 6 орынға «Жан» дағдарыс орталығы көрсетеді. Жыл басынан қызмет алғандар саны - 9. Бүгінгі күні - 5 адам қызмет алуда.

Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 8264,0 мың теңге қаржы қаралған.

Аталған орталықтар COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жұмыс кестелері карантиндік және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық  режимде жұмыс жасауда.

 

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

 

Бұрын сотты болғандардан 236 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді, 210 адам пробация қызметінің есебіндегі, 26 адам жазасын өтеп шыққандар.

162 адам тұрақты (о.і бекітілген 70 квотаның бойынша – 51 (73%),
24
адам қоғамдық, 9 адам әлеуметтік жұмысқа, жастар тәжірибесіне – 1, кәсіби оқытуға және қайта даярлауға - 4 жолданды. АӘК 28 адамға тағайындалды, 10 адам грант және несие алды.

 

ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ, ҰЗАРТУ

Облыс аумағына тіркелген 4 адамға (Өзбекстан Республикасынан) оралман куәлігі берілді.

 

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Шетелдік жұмыс күшін тартуға 356 бірлік квота бөлінген (1-ші санат - 20, 2-ші санат - 108, 3-ші санат - 228).

Облыста бірлескен 20 кәсіпорын жұмыс атқарады. Қазақстандық мамандардың саны – 5462 адам.

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңды тұлғалардан 43 өтініш түсіп, 70 бірлік рұқсат берілген, 21,3 млн.теңге көлемінде салық алымы төленген.

Рұқсатпен 174 шетел азаматтары (165 – Қытай, 1 – АҚШ, Сербия – 6, Румыния-2) жұмыс атқарады.

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде стационарлық жағдайда 710 мемлекет қамқорындағыларға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.     

Күндізгі болу бөлімшелерінде 251 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Мүгедектерге арналған оңалту орталығында жыл басынан жартылай стационар жағдайында 329 мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығыда 116 зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығында 84 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары аясында ашылған        «Думан-Шиелі» ЖШС-і арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 152 адамға, оның ішінде 35 бала-мүгедектерге, 117 зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның 2020 жылға арналған  жұмыс жоспары бекітілді. Облыстық үш жақты комиссияның отырысы 2 рет өтті.

Қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары

Облыста 37 ірі және орта кәсіпорындар тізімі анықталып,                             30 кәсіпорынмен (500-ден аса жұмыскерлері бар 19 және 250-ден аса жұмыскерлері бар 11 кәсіпорынмен) 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары бекітілген.   

Жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша меморандумдар

2016 жылдан бастап облыстағы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу, жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) ынтымақтастық туралы 3208 (оның ішінде 49 ірі кіші және орта 2926) кәсіпорындармен меморандумдар жасалып, оған 54 мынға жуық адам қамтылды (2019 жылы - 82 меморандумдар).

 

БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 24 773 604,8 мың теңге қаралған.

      2020 жылдың 1 жартыжылдығына 6 128 524,9 мың теңге қаралып,                   6 128 346,3  мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмегені 178,6 мың теңге, оның ішінде:

жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты  іске асыру жөніндегі қызметтерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 57 025,8 мың теңге қаралып, 57 025,4 мың теңге игерілді немесе              100 пайыз, игерілмеген 0,4 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы; 

әлеуметтік қамтамасыз етуге

республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен                        107 476,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;   

жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 1 048 307,1 мың теңге, игерілгені 1 048 129,9 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені                      177,2  мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 3 109,0 мың теңге қаралып,                    3 108,2 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,8 мың теңге – қаржы қалдығы;

республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 40 821,0 мың теңге қаралып,               40 820,8 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, 0,2 мың теңге - қаржы қалдығы;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жергілікті бюджеттен 57 739,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;

төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 4 814 047,0 мың теңге бөлініп, аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне толығымен аударылды немесе 100 пайызға игерілді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2020
Дата обновления
01 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы