ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Статистика мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың қорытындысымен:
- жұмыс күшінің саны – 349,1 мың адам;
- жұмыспен қамтылған халық саны – 332,3 мың адам;
- жұмыссыздар саны – 16,7 мың адам;
- жалпы жұмыссыздық деңгейі - 4,8 %;;
жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) – 4,2 %;.
2020 жылы 12 602 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 2719 (21,6%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 2090 тұрақты (16,6 %).
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 10475 адам хабарласып, олардың 4742–і (45.3 %) тұрақты жұмыспен қамтылды, соның ішінде 256 мүгедектігі бар азаматар жұмыспен қамтылды.
Хабарласқандар қатарынан жұмысынан айырылуына байланысты 1596 адамға композиттік қызмет көрсетілді.
13 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 155 жұмыс беруші 631 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1039 жұмыс іздеуші қатысып, оның 390-ы жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне, (оның ішінде 186 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға – 8,9 млрд. теңге қаралған.
Бағдарламаға қатысушы ретінде 7496 адам енгізілді:
жұмыссыздар- 72,2% (5413 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 0,6% (42 адам), жұмыс іздеушілер-27,1% (2037адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) –0,1% (4 адам).
Бағдарламаның бағыттары бойынша.
Бірінші бағыт - техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету:
Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 7436 адам қамтылды:
- бос жұмыс орындарына орналасқаны – 2097 адам (жоспар - 13900, 15,1 %);
-әлеуметтік жұмыс орындарына – 879 адам (жоспар – 623, 318,6млн.т.) жолданып, олардың 62- і жұмысын аяқтап, 45-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
- жастар тәжірибесіне – 1348 адам (жоспар 2243 адам, 891,3 млн.т.), жұмысын аяқтаған 205 адамның 51-і тұрақты жұмысқа орналасты.
- қоғамдық жұмыстарға – 3112 адам (жоспар-6400, 1,040 млн.т.) жолданып, 43-і жұмысын аяқтап, олардың 46-ы жұмыспен қамтылды.
Жыл басынан 14 мекеме кәсіпорындардан қысқартылған жұмыскерлер саны - 91 адам. Жұмыспен қамту органдарына хабарласпаған. 2019 жылы қысқартылғандар саны 27 мекемеден 461 адам, олардың 25 –і жұмыспен қамтылған, 82-і жұмыспен қамту органдарына тіркелген.
Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру.
Ағымдағы жылдың 6 сәуіріне мәртебесі нақтыланбағандар саны - 113085 адам. Өзектендірілгені –92698 адам (82%). Өзектендіруге тиіс -20387, соның ішінде: тіркелмеген жұмыссыздар - 2138, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар -70, жеке қосалқы шаруашылықтарда жұмыспен қамтылғандар – 2360, заңдастырудан бас тартқандар - 13468, басқа да санаттағылар – 2351 адам.
Бірыңғай жиынтық төлегендер саны 1.05.2020 ж. - 10946 адам (2019 ж. -40001 адам).
Жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне (Арал, Қазалы аудандарында тіркелген, Сырдария ауданында тіркелген қазіргі таңда жұмыс жасамайды) 224 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан.
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Бюджеттен 44284 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 823,2млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге - 7,9 млрд.теңге қаралды. (РБ- 6,3 млрд.теңге, ЖБ – 1,6 млрд. теңге).
44452 адамға (8354 отбасы) 1172,8 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 40454 адам (7554 отбасы) 746,7 млн. тенге төленді.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2020 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды ( 821-і тұрақты жұмысқа орналасты, 1099- қоғамдық жұмысқа, 53 - әлеуметтік жұмыс орындарына, 27- жастар тәжірбиесіне жіберілді).
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 418,8 млн. теңге қаражат қаралды. 3831отбасына 76,6 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып, 3830 отбасына 76,5 млн.теңгетөленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 6669адамға 143757,1 мың.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.
- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 23 азаматқа 391,1мың теңгеге;
- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 851 адамға қосымша тамақтануға 49107,1 мың теңгеге;
-лейкоз және анемиямен ауыратын 37 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 1713,3 мың теңгеге;
- Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 592 адамға – 47 081,8 мың. теңгеге.
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 2 отбасына 927,8мың теңгеге;
-- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 970 мүгедек балаға 22294,6 мың. теңгеге;
-аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 4194 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүруге 22241,4 мың.теңге.
МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
30290 мүгедек тіркелген, оның ішінде I топтағы - 3054, II топтағы - 10793, III топтағы - 11383, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 5060.
Үйде қызмет көрсетілетін 837 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және 1178 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
1619 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 9889 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 256 мүгедек жұмыспен қамтылды, оның ішінде 26 - тұрақты жұмыспен, 18 - әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 14 - жастар тәжірибесіне, 198 - қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеін ұйымдардың жұмысы
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жанындағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы 40 орынға қызмет көрсетеді. Жыл басынан орталықтың қызметін алғандар саны - 33 отбасы/104 адам. Бүгінгі күні 17 отбасы/46 адам қызмет алуда.
Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін 56069,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 4885,0 мың теңге және қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 51184,0 мың теңге) қаржы қаралған.
Адам саудасының құрбандарына стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді «Шағын кәсіпкерлер әйелдерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Жан» дағдарыс орталығы 6 орынға қызмет көрсетеді. Жыл басынан орталықтың қызмет алғандар саны - 6. Бүгінгі күні - 2 адам қызмет алуда.
Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 8264,0 мың теңге қаржы қаралған.
Аталған орталықтар COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жұмыс кестелері карантиндік және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде жұмыс жасауда.
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР
Бұрын сотты болғандардан 125 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді, 96 адам пробация қызметінің есебіндегі, 29 адам жазасын өтеп шыққандар.
55 адам тұрақты, 19 адам қоғамдық, 7 адам әлеуметтік жұмысқа, жастар тәжірибесіне-1 орналасты.АӘК 5 адамға тағайындалды, 5 адам грант алды.
ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ, ҰЗАРТУ
Облыс аумағына тіркелген 4 адамға (Өзбекстан Республикасынан) оралман куәлігі берілді.
ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ
Шетелдік жұмыс күшін тартуға 356 бірлік квота бөлінген (1-ші санат - 20, 2-ші санат - 108, 3-ші санат - 228).
Облыста бірлескен 23 кәсіпорын жұмыс атқарады. Қазақстандық мамандардың саны – 5644 адам.
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңды тұлғалардан 24 өтініш түсіп, 52 бірлік рұқсат берілген, 14, 7 млн.теңге көлемінде салық алымы төленген.
Рұқсатпен 196 шетел азаматтары (187 – Қытай, 1 – АҚШ, Сербия – 6, Румыния-2) жұмыс атқарады..
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде стационарлық жағдайда 708 мемлекет қамқорындағыларға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Күндізгі болу бөлімшелерінде 251 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Мүгедектерге арналған оңалту орталығында жыл басынан жартылай стационар жағдайында 329 мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығыда 116 зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығында 65 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары аясында ашылған «Думан-Шиелі» ЖШС-і арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 152 адамға, оның ішінде 35 бала-мүгедектерге, 117 зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді
Қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша
Жұмыс жасап тұрған 7074 мекемедегі (1179 бюджеттік, 5895 жеке кәсіпорындар) 53 841 қызметкерлерге 50 мың теңгеге дейін жалақы төленуде (30679 бюджеттік, 23162 жеке кәсіпорындар).
72 ірі кәсіпорындарының, 67 кәсіпорындар (41-і мемлекеттік мекемелер, 31-ы жеке кәсіпорындар) қызметкерлердің жалақысын 59,0 теңгеден 72,5 теңгеге дейін көтерді немесе 23,0%.
Осы ірі кәсіпорындарының 41–і жергілікті мемлекеттік кәсіпорындар орташа 30 %. Мемлекеттік кәсіпорындардағы төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысы жыл басынан көтерілді, ол үшін тиісті қаржылар бюджеттен бөлінді. Сонымен қатар, 31 жеке ірі кәсіпкерлік субъектілерінің 26-і төмен жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын орташа 30 пайызға көтерді.
Қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары
Облыста 37 ірі және орта кәсіпорындар тізімі анықталып, 30 кәсіпорынмен (500-ден аса жұмыскерлері бар 19 және 250-ден аса жұмыскерлері бар 11 кәсіпорынмен) 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары бекітілген.
Жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша меморандумдар
2016 жылдан бастап облыстағы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу, жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) ынтымақтастық туралы 3208 (оның ішінде 49 ірі кіші және орта 2926) кәсіпорындармен меморандумдар жасалып, оған 54 мынға жуық адам қамтылды (2018 жылы - 151 меморандумдар, 2019 жылы - 82 меморандумдар).
БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ
Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 299 693,0 мың теңге қаралған.
2020 жылдың 1 сәуіріне 2 087 765,0 мың теңге қаралып, 2 085 752,1 мың теңге игерілді немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 2 012,9 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 26 649,0 мың теңге қаралып, 26 629,0 мың теңге игерілді немесе100 пайыз, игерілмеген 20,0 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 56 415,0 мың теңге қаралып, 56 413,9 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 1,1 мың теңге нақты төленген қаржы қалдығы;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 514 080,0 мың теңге, игерілгені 512 088,2 мың теңге немесе 99,6 пайыз, игерілмегені 1 991,8 мың теңге: 1 711,1 мың теңге – нақты жеткізілген тауарға төленген қаржы қалдығы, 221,2 мың теңге – тауар жеткізілмеген, 59,5 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 17 480,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жергілікті бюджеттен 27 334,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 445 807,0 мың теңге бөлініп, аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне толығымен аударылды немесе 100 пайызға игерілді.