БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ
Нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 24 773 604,8 мың теңге қаралған.
2020 жылдың 1 жартыжылдығына 6 128 524,9 мың теңге қаралып, 6 128 346,3 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмегені 178,6 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 57 025,8 мың теңге қаралып, 57 025,4 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,4 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 107 476,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 1 048 307,1 мың теңге, игерілгені 1 048 129,9 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 177,2 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 3 109,0 мың теңге қаралып, 3 108,2 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,8 мың теңге – қаржы қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 40 821,0 мың теңге қаралып, 40 820,8 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, 0,2 мың теңге - қаржы қалдығы;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жергілікті бюджеттен 57 739,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 4 814 047,0 мың теңге бөлініп, аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне толығымен аударылды немесе 100 пайызға игерілді.