БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ
Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 299 693,0 мың теңге қаралған.
2020 жылдың 1 сәуіріне 2 087 765,0 мың теңге қаралып, 2 085 752,1 мың теңге игерілді немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 2 012,9 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 26 649,0 мың теңге қаралып, 26 629,0 мың теңге игерілді немесе100 пайыз, игерілмеген 20,0 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 56 415,0 мың теңге қаралып, 56 413,9 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 1,1 мың теңге нақты төленген қаржы қалдығы;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 514 080,0 мың теңге, игерілгені 512 088,2 мың теңге немесе 99,6 пайыз, игерілмегені 1 991,8 мың теңге: 1 711,1 мың теңге – нақты жеткізілген тауарға төленген қаржы қалдығы, 221,2 мың теңге – тауар жеткізілмеген, 59,5 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 17 480,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жергілікті бюджеттен 27 334,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 445 807,0 мың теңге бөлініп, аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне толығымен аударылды немесе 100 пайызға игерілді.