ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Бюджеттен 60 906 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 3 562,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджетте 10,5 млрд.теңге қаралды. (РБ - 8,9, ЖБ – 1,6 млрд. теңге).
59 020 адам/11 224 отбасына 3 841,6 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 56 780 адам/10 682 отбасына 3 412,5 млн. тенгеге төленді.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2 976 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.
1 190-і тұрақты жұмысқа орналасты, 1 362 - қоғамдық, 55 - әлеуметтік, 41 - жастар тәжірбиесіне, 58 - қайта даярлау курстарына, 270 - кәсіпкерлікті қолдауға жолданды.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге418, 8 млн. теңге қаражат қаралды. 4 133 отбасына 150.7 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып, 4 126 отбасына 150.4 млн. теңге төленді.
«Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2020 жылға облыстық бюджеттен 49,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 29 925 түскі ыстық тамақпен қамтылды.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 14 816 адамға 1 189.7 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне - 16 адамға -17,8 млн. теңгеге;
- ҰОС тыл ардагерлеріне - 36 адамға – 6,6 млн. теңгеге;
- ҰОС жылдарында кемінде тылда 6 ай жұмыс істеген азаматтарға - 4251 адамға – 424,9 млн. теңгеге;
- екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің, сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушыларының әйелдеріне 48 адамға-4,8 млн. теңге;
- Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 592 адамға – 47,1 млн. теңгеге;
- ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілеріне - 2 адамға - 0,7 млн. теңгеге;
- Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – 254 адамға- 21,1 млн. теңгеге;
- Совет Армиясының мүгедектері – 70 адамға – 5,8 млн. теңгеге;
- саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 451 адамға – 3,7 млн. теңгеге;
- Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқан 456 адамға – 38,0 млн.теңге;
- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 23 азаматқа 0,9 млн. теңгеге;
- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1 187 адамға қосымша тамақтануға 164,2 млн. теңгеге;
- лейкоз және анемиямен ауыратын 37 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 380.1 млн. теңгеге;
- «АИТВ-инфекция»диагнозы бар 1 балаға 0,33 млн. теңгеге;
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 2,1 млн.теңгеге;
- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 1003 мүгедек балаға 44,9 млн. теңгеге;
- аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 6384 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүруге 26,7 млн.теңгеге.