АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде стационарлық жағдайда 734 мемлекет қамқорындағыларға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Күндізгі болу бөлімшелерінде 257 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Мүгедектерге арналған оңалту орталығында жыл басынан жартылай стационар жағдайында 452 мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығыда 147 зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығында 102 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары аясында ашылған «Думан-Шиелі» ЖШС-і арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 174 адамға, оның ішінде 36 бала-мүгедектерге, 138 зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
«Қамқорлық» дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет (40 орынға) алғандар - 70 отбасы/239 адам (169 бала). Бүгінгі күні 14 отбасы/45 адам қызмет (31 бала) алуда.
Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін 56069,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 4885,0 мың теңге және қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 51184,0 мың теңге) қаржы қаралған.
«Жан» дағдарыс орталығы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 6 орынға көрсетеді. Қызмет алғандар саны - 13. Бүгінгі күні - 5 адам қызмет алуда.
Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 8264,0 мың теңге қаржы қаралған.