Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 61062,0 мың теңге және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 425900,0 мың теңге, барлығы 486962,0 мың теңге қаралған.
2020 жылдың 9 айына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 44154, 0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайызға орындалды.Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 279985, 0 мың теңге, игерілгені 279981,1 мың теңге немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 3,9 мың теңге - ағымдағы шығыстар
қалдығы.