Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ На 02.10. 2020 жылға

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

 Статистика мәліметтеріне сәйкес:

2020 жылдың 2 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 341,9 мың адам (2019 ж. 2 т.  – 348,1 мың);

 жұмыспен қамтылған халық саны – 325,0 мың адам (2019 ж. – 331,5 мың).

Жұмыссыздар саны – 16,9 мың адам (2019 ж. 2 т.– 16,7 мың);

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 %  (2019ж.2т.–4,8%;

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,4 % (2019 ж.2т.– 4,1  пайыз).

18 784  (106,7%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 13 777 - тұрақты (73,3 %), (Жоспар – 17 602).

«Жұмыс орындарын құру мониторингі интеграцияланған картасына» - 14293 жұмыс орындары енгізілді:

Индустриалды –инновациялық даму-41,«Нұрлы жол» бағдарламасы – 17, «Нұрлы жер» бағдарламасы-33, «2017-2021 жылдарға Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы-53, «Еңбек» бағдарламасы-4578, «Жұмыспен қамту жол картасы»-7781, «Цифрлық Қазақстан» -39, «Ауыл ел бесігі» -70, «Білім және ғылымды дамыту» - 46, «БЖК»- 156,  «Аумақтарды дамыту» - 256,  Жеке бастамалар -838 орын.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 33 180 адам хабарласып, олардың 17 875–і (53,9) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Мүгедектігі бар 681 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданған, тұрақты жұмыспен қамтылғаны - 96. Жұмысынан айырылуына  байланысты 5 841  адамға композиттік қызмет көрсетілді.

Облыста 29 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 365 жұмыс беруші 2187 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2497  жұмыс іздеуші қатысып, оның 1050-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне (оның ішінде  777 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама алды.

2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 11.5 млрд. теңге (26135 адам) қаралған игерілгені 8.8 млрд теңге (78,3%).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Бағдарламаға қатысушы ретінде 27 994 адам енгізілді:

жұмыссыздар - 56,3% (15774 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 19,5% (5458адам), жұмыс іздеушілер-18,3% (5124 адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) –5,6% (1638 адам).

Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

  1. еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 1 қыркүйекте 1515 адам жолданды.
  2. жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1033 адам (103,3%) жолданды (жоспар - 1000 адам 304,7 млн.теңге).

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

  1. «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздері бойынша 2181 адам оқуды аяқтап сертификат алды, 1400 – і грант пен шағын несиеге  ие болды (70,9%).  (жоспар – 2181).
  2. ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау –

734 адам (89,1 %) (2872,8 млн.т.) шағын несие алды (өткен жылы 292 адам несие алған). Қосымша 680 жаңа жұмыс орындары ашылды (жоспар – 824 адам, 3353,3 млн.теңге).

3) жаңа бизнес –идеяларды іске асыруға 3774 адам (80,5%)  мемлекеттік грант алды (жоспар - 4686 адамға 2584,8 млн.теңге).

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 21811 адам қамтылды:

- бос жұмыс орындарына – 7331 жолданды (жоспар 13900 адам, 52,7%);

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 1179 адам (192,8 %) (жоспар – 585 адам, 253,6м лн.т, с.і. РБ 318,7 млн.т.) жолданып, 394 - і жұмысын аяқтап, 225-і тұрақты жұмыспен қамтылды (57,1%) .

 -жастар тәжірибесіне – 3931 адам (130,6 %) (жоспар 3009 адам, 1031,6 млн.т., с.і. РБ -2793 адам, 1124,5 млн.т.), жұмысын аяқтаған 1022 адамның 450-і тұрақты жұмысқа орналасты (44%).

- қоғамдық жұмыстарға – 9370 адам (101,3 %) (жоспар 9250 адам, 1928,1 млн.т.) жолданып, 3916-і жұмысын аяқтап, олардың 363-і жұмыспен қамтылды (9,3%).

Солтүстік өңірлерге 81 отбасы/173 адам қоныс аудару квотасына енді (Қостанай - 30 отбасы/64 адам, СҚО - 20 отбасы/ 26 адам, ШҚО - 23 отбасы/ 46 адам, Павлодар - 8 отбасы/37 адам.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктері (Арал, Қазалы аудандарында тіркелген, Сырдария ауданында тіркелген қазіргі таңда жұмыс жасамайды) арқылы 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту Жол картасы аясында 276 жобаны іске асыруға 36 957 млн. теңге көлемінде лимит белгіленген (Қаржының бөлінісі: 9137  млн. теңге нысаналы трансферттер және 26 670 млн. теңге мемлекеттік бағалы қағаздары. 1150 млн. теңгеге 2 нысандар орталық органдар арқылы). 

Анықтама үшін:

-Әлеуметтік-мәдениет саласында 125 жоба (12276,3 млн. теңге). 3268 жұмыс орын, 314 тұрақты.

-           Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 42 жоба (7476,2 млн. теңге). 1658 жұмыс орын, 73 тұрақты.

-           Инженерлік-транспорттық саласында 62 жоба (14530,8 млн. теңге). 3474 жұмыс орын.

-           Абаттандыруда 47 жоба (2673,7 млн. теңге). 899 жұмыс орын, 65 тұрақты.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандарының құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

275 жоба бойынша жұмыстар басталып, 9176  (96,8 %)  жұмыс орындар ашылды (98,2%) (жоспар 9299), 5436 - жұмыспен қамту орталықтары арқылы (116,9%) (жоспар 4649). Жұмыспен қамту Жол картасы аясындағы жобаларда орташа еңбек ақы - 88242 теңге.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру (4 қыркүйекке).

мәртебесі нақтыланбағандар – 113 162;

өзектендірілгені –108 694 адам (96,1%).

өзектендіруге тиіс - 4668 адам (тіркелмеген жұмыссыздар – 448,  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 63, жеке қосалқы шаруашылықтарда жұмыспен қамтылғандар – 512, заңдастырудан бас тартқан -2818, басқа санаттағылар – 827 адам).

БЖТ төлегендер - 73268 адам (2019 ж - 40001).

Әлеуметтік жәрдемақы туралы

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістерінен айырылу жағдайы бойынша бір жолғы әлеуметтік төлем а.ж. 4 қазанға. 42500 теңге 207 826 адамға көмек көрсетілді.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Бюджеттен 60 906 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 3 562,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджетте 10,5 млрд.теңге қаралды. (РБ - 8,9, ЖБ – 1,6 млрд. теңге).

59 020 адам/11 224 отбасына 3 841,6 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 56 780 адам/10 682 отбасына 3 412,5 млн. тенгеге төленді.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2 976 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

1 190-і тұрақты жұмысқа орналасты, 1 362 - қоғамдық, 55 - әлеуметтік, 41 - жастар тәжірбиесіне, 58 - қайта даярлау курстарына, 270 -  кәсіпкерлікті қолдауға жолданды.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге418, 8 млн. теңге қаражат қаралды. 4 133 отбасына 150.7 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалып, 4 126 отбасына 150.4 млн. теңге төленді.

«Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2020 жылға облыстық бюджеттен 49,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 29 925 түскі ыстық тамақпен қамтылды.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 14 816 адамға 1 189.7 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне - 16 адамға -17,8 млн. теңгеге;

- ҰОС тыл ардагерлеріне - 36 адамға – 6,6 млн. теңгеге;

- ҰОС жылдарында кемінде тылда 6 ай жұмыс істеген азаматтарға - 4251 адамға – 424,9 млн. теңгеге;

- екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің, сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушыларының әйелдеріне 48 адамға-4,8 млн. теңге;

- Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 592 адамға – 47,1 млн. теңгеге;

- ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілеріне - 2 адамға - 0,7 млн. теңгеге;

- Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – 254 адамға- 21,1 млн. теңгеге;

- Совет Армиясының мүгедектері – 70 адамға – 5,8 млн. теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 451 адамға – 3,7 млн. теңгеге;

- Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқан 456 адамға – 38,0 млн.теңге;

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 23 азаматқа 0,9 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1 187 адамға қосымша тамақтануға 164,2 млн. теңгеге;

- лейкоз және анемиямен ауыратын 37 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 380.1 млн. теңгеге;

- «АИТВ-инфекция»диагнозы бар 1 балаға 0,33 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген                          5 отбасына 2,1 млн.теңгеге;

-  үйде тәрбиеленіп оқытылатын 1003 мүгедек балаға 44,9 млн. теңгеге;

  • аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 6384 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүруге 26,7 млн.теңгеге.
  •  

КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

 

  1. Жарияланған төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылуына байланысты 42 500 теңге көлемінде облыс бойынша 323 923 адамға, қатаң карантин уақытында бүгінгі күнге 207 767 адамға қосымша әлеуметтік жәрдемақы төленді.
  2. Жекелеген санаттағы азаматтарды азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 67 467 адам 5567 теңгеден (1,4 млрд.теңге) әлеуметтік төлем алды.
  3. Аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 24 030 отбасына 50,0 мың теңгеден (1, 2 млрд. теңге) бір реттік көмек берілді.
  4. 12 259 отбасына 129,8 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

 

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ

2020 жылға халықтың осал топтары қатарынан шыққан 150 студентті өңірге қажетті мамандықтар бойынша оқыту үшін әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 97,8 млн. теңге қаражат бөлінді.

Анықтама үшін:

2013 жылдан бастап облыс әкімінің гранты 1004 студентке тағайындалған (2013 жылы – 123, 2014 жылы - 242, 2016 жылы - 147, 2017 жылы -166, 2018 жылы - 200, 2019 жылы - 126).

Оның 510-ы оқуды аяқтап, техникалық ғылымдар мен технологиялар (154), білім (81), ауылшаруашылығы (157), ветеринария (23), қызмет көрсету (41), өнер (20), әскери іс және қауіпсіздік (34) салалары бойынша мамандықтар алды. 221 бала аймағымыздың түрлі салаларында жұмыс жасауда.

Қабылданған өтініштер аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанына құрылған арнайы комиссиялардың отырыстарында қаралып, нәтижесінде барлығы 148 грант иегерлері анықталды.

76 - көп балалы отбасынан;

43- тұрмысы төмен отбасынан;

13 – асыраушысынан айырылған отбасынан;

7 - ата-анасының біреуі мүгедек;

3 – «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушілері;

3 – мүгедек балалар;

3 – ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

 

МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 30507 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде I топтағы - 3058, II топтағы - 10736, III топтағы - 11578, 18 жасқа дейінгі - 5135 мүгедек балалар.

Үйде қызмет көрсетілетін 860 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және 1242 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

4221 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 12 790 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 681 мүгедек жұмыспен қамтылды, 96 мүгедек тұрақты жұмыспен,  22 - әлеуметтік жұмыс орындарымен, 41 -жастар тәжірибесіне, 522 - қоғамдық жұмыстарға жолданды. 

 

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

 

Бұрын сотты болғандардан 306 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді, 266 адам пробация қызметінің есебіндегі, 40 адам жазасын өтеп шыққандар.

224 адам тұрақты (о.і бекітілген 70 квотаның бойынша – 51 (73%),
26
адам қоғамдық, 9 адам әлеуметтік жұмысқа, жастар тәжірибесіне – 3, кәсіби оқытуға және қайта даярлауға - 12 жолданды. АӘК 36 адамға тағайындалды, 6 адам грант және несие алды.

 

 

ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ, ҰЗАРТУ

Облыс аумағына тіркелген 4 адамға (Өзбекстан Республикасынан) оралман куәлігі беріліп, 2 адамның оралман мәртебесі ұзартылған.

 

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Шетелдік жұмыс күшін тартуға 356 бірлік квота бөлінген (1-ші санат - 20, 2-ші санат - 108, 3-ші санат - 228).

Облыста бірлескен 22 кәсіпорын жұмыс атқарады. Қазақстандық мамандардың саны – 8035 адам.

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңды тұлғалардан 98 өтініш түсіп, 156 бірлік рұқсат берілген, 62,0 млн.теңге көлемінде салық алымы төленген.

Рұқсатпен 184 шетел азаматтары (175 – Қытай, 1 – АҚШ, Сербия – 6, Румыния-2) жұмыс атқарады.

 

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде стационарлық жағдайда 734 мемлекет қамқорындағыларға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.     

Күндізгі болу бөлімшелерінде 257 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Мүгедектерге арналған оңалту орталығында жыл басынан жартылай стационар жағдайында 452 мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығыда 147 зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығында 102 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары аясында ашылған        «Думан-Шиелі» ЖШС-і арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 174 адамға, оның ішінде 36 бала-мүгедектерге, 138 зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

«Қамқорлық» дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет (40 орынға) алғандар - 70 отбасы/239 адам (169 бала). Бүгінгі күні 14 отбасы/45 адам қызмет (31 бала) алуда.

Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін 56069,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 4885,0 мың теңге және қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 51184,0 мың теңге) қаржы қаралған.

«Жан» дағдарыс орталығы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 6 орынға көрсетеді. Қызмет алғандар саны - 13. Бүгінгі күні - 5 адам қызмет алуда.

Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 8264,0 мың теңге қаржы қаралған.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы – 3 рет, республикалық - 1 рет өткізілді.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы бойынша 11 өтініш, «Парыз» конкурсы бойынша 13 өтініш пысықталып, комиссия қорытындысымен 1 тур жеңімпаздары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне конкурстардың 2-ші турына қатысуға жолданды.

Бүгінгі күнге 19 кәсіпорында 145 адам қысқартылған (Қызылорда қ. – 70, Қармақшы ауданы – 38, Сырдария ауданы – 2, Байқоңыр қ. – 35), оның ішінде 52 адам жұмысқа орналастырылды (Қызылорда қ. -14, Сырдария ауданы – 2, Қармақшы ауданы – 35, Байқоңыр қ. – 1), жұмысынан айырылуына байланысты төлемақы 28 адамға тағайындалған (Қызылорда қ.), 3 адам өзге қалаға көшіп кеткен (барлығы да Қармашқы ауданының тұрғындары), 1 адам өз ісін ашуға несие алды (Қызылорда қ.)

Жыл соңына дейін әр саладан 58 адамның қысқартылуы күтілуде.

2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол картасы:

37 ірі және орта кәсіпорындар тізімі анықталып, 30 кәсіпорынмен (500-ден аса жұмыскерлері бар 19 және 250-ден аса жұмыскерлері бар 11 кәсіпорынмен) 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол картасы бекітілген.

Жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша меморандумдар:

2016 жылдан бастап облыстағы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу, жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) ынтымақтастық туралы 3208 (оның ішінде 49 ірі кіші және орта 2926) кәсіпорындармен меморандумдар жасалып, оған 54 мынға жуық адам қамтылды (2019 жылы - 82 меморандумдар). Меморандумға қол қою жұмыстары қайта жандандырылды.

 

 

 

 

БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

     Нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 23 832 760,8 мың теңге қаралған.

      2020 жылдың 1 қазанына 11 402 284,8 мың теңге қаралып,                   11 402 081,9  мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 202,9 мың теңге.

жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты  іске асыру жөніндегі қызметтерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 91 494,0 мың теңге қаралып, 91 491,1 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 2,9 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы; 

әлеуметтік қамтамасыз етуге

республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен                      157 732,0 мың теңге қаралып, толығымен  игерілді немесе 100 пайыз;    

жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаралғаны 1 579 520,9 мың теңге, игерілгені 1 579 323,9 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені                      197,0  мың теңге – қаржы қалдығы, оның ішінде: 94,8 мың теңге - салықтардан, 82,3 мың теңге - дәрі-дәрмек сатып алудан, 18,3 мың теңге - ағымдағы шығыстардан, 1,6 мың теңге – мемлекеттік сатып алудан үнемделген;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 124 703,0 мың теңге қаралып, 124 700,5 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 2,5 мың теңге – қаржы қалдығы;

республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 69 343,9 мың теңге қаралып, 69 343,4 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, 0,5 мың теңге – қаржы қалдығы;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған ағымдағы іс-шараларды іске асыруға» ақпараттық – түсіндіру жұмыстарына 2 814,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жергілікті бюджеттен 76 739,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді немесе 100 пайыз;

төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 9 299 938,0 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы