Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімінің гранты туралы

Облыс әкімінің гранты туралы

2013 жылдан бастап өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша облыс әкімінің грантын тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан білімге құштар мыңнан аса түлек иеленіп келеді. Бүгінгі күнге дейін аталған грант арқылы 1460 бала білім алды.

Биылғы жылы да облыс әкімінің қолдауымен 100 грантқа 104,1 млн теңге қаржы бөлініп, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиялардың және салалық басқармалардың ұсыныстары негізінде 2025-2026 жылдарға жасалған облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобалардың іске қосылатынын ескере келе, өңірге қажетті мамандықтар бектіліп жолданды.

Сонымен қатар, педагогика мамандықтары өңірде көп болуына байланысты қолдау таппады.

Жоспарланған мамандықтарды даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс бойынша арнайы комиссиялардың шешімдерімен бекітілген 100 гранттың 93-не әлеуметтік қолдау бағытында жоғарғы оқу орындарында оқу үшін грант тағайындалды.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жалпы медицина мамандығына – 15 грант бөлініп, 13 тағайындалды.

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне дінтану және теология – 4 грант бөлініп игерілді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне бөлінген гранттың, 76 игерілді. Оның ішінде, азық - түлік өнімдерін өндіру - 19, агрономия - 3, су ресурстарын басқару - 3,  кадастр - 2, дәстүрлі музыка өнері - 4, хореография - 5, құрылыс - 5, электр энергетикасы - 9, ақпараттық қауіпсіздік - 10, қоршаған орта - 2, сән дизайн - 1, журналистика - 1, археология және этнология - 2, әлеуметтік жұмыс - 4, аударма ісі - 6.

Әлеуметтік санаттар бойынша грант иегерлері 64-і көп балалы, 13-і  аз қамтылған отбасынан, 9-ы ата анасының біреуі мүгедектігі бар адам немесе мүгедектігі бар бала, 6-ы асыраушысынан айырылған отбасынан, 1-і ата анасы зейнеткер болып табылатындардың қатарынан.

Арнайы комиссиялардың шешімдерімен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген критерийден асып кетуіне байланысты және ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинай алмаған үміткерлерге грант тағайындаудан бас тартылды.

Дата публикации
14 октября 2025
Дата обновления
14 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы