«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру мақсатында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Мемлекеттік орган қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» талаптарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен өтетін семинар-кеңестерге қатысып отырады.
Әдеп кодексінің мәтіні баршаға көрінетін жерде (басқарманың ақпараттық тақтасына) орналастырылған.
2020 жылдың 1 тоқсанында басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп қағидалары талаптарының бұзылуы туралы арыз-шағымдар түскен жоқ.