МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ШЕҢБЕРІНДЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 40 орынға «Қамқорлық» дағдарыс орталығы көрсетеді. Жыл басынан орталықтың қызметін алғандар саны - 52 отбасы/177 адам (о.і – 125 бала). Бүгінгі күні 16 отбасы/51 адам қызмет
(о.і – 35 бала) алуда.
Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін 56069,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 4885,0 мың теңге және қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 51184,0 мың теңге) қаржы қаралған.
Адам саудасының құрбандарына стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді 6 орынға «Жан» дағдарыс орталығы көрсетеді. Жыл басынан қызмет алғандар саны - 9. Бүгінгі күні - 5 адам қызмет алуда.
Анықтама: 2020 жылға қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 8264,0 мың теңге қаржы қаралған.
Аталған орталықтар COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жұмыс кестелері карантиндік және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде жұмыс жасауда.