Меню

Страницы

Статья

Халықты жұмыспен қамту бөлімінің атқарылған жұмыстары 01-шілде 2020-жыл

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 351,0 мың адам (2019 ж – 347,9 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 334,1 мың адам (2019 ж. – 331,7 мың адам).

Жұмыссыздар саны – 16,9 мың адам (2019 ж.– 16,6 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды (2019ж.–4,8%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,2 пайызды құрады (2019 ж..– 4,2  пайыз).

2020 жылы 12 602 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,                                    1 шілдеге  7080  (56,2%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 4956 тұрақты орындар (70 %).

«Жұмыс орындарын құру мониторингі интеграцияланған картасы» автоматтандырылған жүйесіне 8668 жұмыс орындары енгізілді: «Еңбек»-3040, «Жұмыспен қамту жол картасы» - 4792, «Цифрлық Қазақстан» -39, «Ауыл ел бесігі» - 50, «Өңірлерді дамыту» - 175, Жеке бастамалар -572 орын.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 19387 адам хабарласып, олардың 37,3% немесе 7237–і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Нысаналы топтарға жататын азаматтар ішінен: мүгедектігі бар 321  адамның, жұмыспен қамтылғаны – 348 адам .

Хабарласқандар қатарынан жұмысынан айырылуына  байланысты  3518 адамға композиттік қызмет көрсетілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Облыста 20 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 251 жұмыс беруші 1861 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2181  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 804-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне, (оның ішінде  581 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.

2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 13,2 млрд. теңге (27079 адам) қаралған.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 14077 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар - 67,5% (9500 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 10,9% (1537 адам), жұмыс іздеушілер-21,1% (2975 адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) – 0,5% (64 адам).

Бағдарламаның бағыттары бойынша.

Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 3065 адамды оқыту  жалғастыруда             (1 559,5 млн. теңге). Оның 318-і - оқуды аяқтаған, 219-і - жұмыспен қамтылған, 11- оқуын жалғастыруда, 9 – ҚР ҚК қатарына шақырылған, 27- бала күтімінде, басқалары -20, жұмыспен қамту органдарына тіркелгені- 31 адам. 

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1800 адам  441,1 млн.теңге(соның ішінде 660 жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, 1140 - ваучер).

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар - 2150 адам. Нақты  812  адам жолданды, оның 100 –і  оқуды аяқтап сертификатын алды.

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау –824 адам, 3353,3 млн.теңге қаралған, (оның ішінде ауылдық жерлерде 810 адам 3,3 млрд.теңге, қалалық жерлерде 14 адам 250,0 млн теңге). Ағымдағы жылдың 1 шілдеге 292 адам (275,0 млн.тг.) шағын несие алды. Қосымша 235 жаңа жұмыс орындары ашылды.

3) жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар – 3084 адамға 1634,8 мың.теңге -200 АЕК (530 мың т) жоспарланған.  1 шілдеге 1034 адам  (541,2 млн.тг.) грант алды.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен шараларымен 11972 адам қамтылды, соның ішінде:

- бос жұмыс орындарына орналасқаны – 4058 адам (жоспар 13900 адам, 29,2 %);

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 1095 адам, немесе 175 %  (жоспар – 626 адам, 316,6 млн.т) жолданып, олардың 264- і жұмысын аяқтап, 118-і тұрақты жұмыспен қамтылды, немесе  44,7% .

- жастар тәжірибесіне – 1641 адам немесе 38,3%  (жоспар 4282 адам, 1702,5 млн.т.), жұмысын аяқтаған 524 адамның 136-і тұрақты жұмысқа орналасты, немесе 25,9%.

- қоғамдық жұмыстарға – 5178 адам немесе 34,8 % (жоспар 14880 адам, 3923,4 млн.т.) жолданып, 1946-і жұмысын аяқтап, олардың 148-і жұмыспен қамтылды (7,6%).

Жыл басынан 15 мекеме кәсіпорындардан қысқартылған жұмыскерлер саны - 99 адам, оның 5-і жұмыспен қамтылған. . Қалғандары жұмыспен қамту органдарына хабарласпаған. 2019 жылы қысқартылғандар саны 27 мекемеден 461 адам, олардың 25 –і жұмыспен қамтылған, 82-і жұмыспен қамту органдарына тіркелген.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру.

Ағымдағы жылдың 3  шілдеге мәртебесі нақтыланбағандар саны 113231 адамды құраса, өзектендірілгені –108060 адам немесе 95,4%. Өзектендіруге тиіс - 5171 адам, соның ішінде: тіркелмеген жұмыссыздар саны 535 адам,  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар -70 адам, жеке қосалқы шаруашылықтарында жұмыспен қамтылғандар – 582 адам, заңдастырудан бас тартқандар -3289 мың адам, басқа да санаттағылар – 695 адам.

Жыл басынан Бірыңғай жиынтық төлегендер саны 1.07.2020 ж. - 73268 адам,   2019 жылы -40001 адам.

Жеке жұмыспен қамту агенттігі. Облыста 3 жеке жұмыспен қамту жеке агенттіктері Арал, Қазалы аудандарында тіркелген, Сырдария ауданында тіркелген қазіргі таңда жұмыс жасамайды. Жыл басынан аталған агенттіктерге 237 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан, 12-і тұрақты жұмыспен қамтылған.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту Жол картасы аясында облыс бойынша  36 957 000 мың теңге лимит көлемінде 276 инфрақұрылыдық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, оның ішінде келесі нысандар мен жұмыс түрлері бойынша:

- әлеуметтік-мәдени нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 12 276 254 мың теңгеге 125 жоба,  құрылатын 3268 жұмыс орындарымен.

- тұрғын үй-коммуналдық нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 7 476 225 мың теңгеге 42 жоба, құрылатын 1658  жұмыс орындарымен.

- инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 14 530 830 мың теңгеге 62 жоба, құрылатын 3474 жұмыс орындарымен.

- елді мекендері аббаттандыру 2 673 691 мың теңгеге 47 жоба,  құрылатын 899  жұмыс орындарымен.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандарының құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесіне 274 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталды.  270 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеу» интеграцияланған картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 6232 жұмыс орындары, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3967 жұмыс орны енгізілді. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде. 

Әлеуметтік жәрдемақы туралы

Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылуына байланысты ағымдағы жылдың 23 маусымдағы мәлімет бойынша 42500 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы 197107 адамға 8,4 млрд.теңге көлемінде көмек көрсетілді, екінші ай үшін  125 898  адамға 5,3 млрд. теңге төленді.

Дата публикации
03 июля 2020
Дата обновления
17 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы