Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 845 1614,6 мың теңге қаралған, қазан айының 31-не 23 624 261,8 мың теңге қаралып, 23 446 372,8 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,2 пайыз орындалды, игерілмегені 177 889,0 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 209 719,2 мың теңге қаралып, 209 518,9 мың теңге игерілді немесе 99,9 пайыз, игерілмеген 200,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 4 074 817,7 мың теңге, игерілгені 4 074 134,0 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 683,7 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 91 587,6 мың теңге қаралып, 91 587,6 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 1 757 359,0 мың теңге, игерілгені 1 757 356,2 немесе 100 пайыз игерілді;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 15 491 017,0 мың теңге, игерілгені 15 489 365,3 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 1651,7 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 887 884,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 1 712 534,2 немесе 90,7 пайыз, игерілмегені 175 350,3 сессиялық анықтаманың отырмауына байланысты.