Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 658 353,6 мың теңге қаралған, қырқүйек айының 30-на 21 363 818,8 мың теңге қаралып, 21 363 386,3 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 432,5 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 194 656,7 мың теңге қаралып, 194 656,4 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 3 695 709,2 мың теңге, игерілгені 3 695 313,0 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 396,2 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 63 979,7 мың теңге қаралып, 63 979,7 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 1 580 454,0 мың теңге, игерілгені 1 580 451,2 немесе 100 пайыз игерілді;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 14 173 189,0 мың теңге, игерілгені 14 173 155,8 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 33,2 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 555 023,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз.