Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 658 353,6 мың теңге қаралған, тамыз айының 31-не 18 513 681,9 мың теңге қаралып, 18 513 146,6 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 535,3 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 178 167,3 мың теңге қаралып, 178 138,8 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 28,5 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 3 309 466,6 мың теңге, игерілгені 3 309 144,2 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 322,4 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 49 525,8 мың теңге қаралып, 49 525,8 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 1 218 006,0 мың теңге, игерілгені 1 218 003,2 немесе 100 пайыз игерілді;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 12 543 391,0 мың теңге, игерілгені 12 543 209,5 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 181,5 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 119 478,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз.