Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 658 353,6 мың теңге қаралған, шілде айының 31-не 14 907 498,8 мың теңге қаралып, 14 907 355,7 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 143,1 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 159 894,8 мың теңге қаралып, 159 892,7 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 2,1 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 2 904 017,9 мың теңге, игерілгені 2 903 888,1 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 129,8 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 36 115,9 мың теңге қаралып, 36 115,9 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 843 355,0 мың теңге, игерілгені 843 355,0 немесе 100 пайыз игерілді;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 9 846 560,0 мың теңге, игерілгені 9 846 551,8 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 8,2 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 082 275,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз.