Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 234 383,3 мың теңге қаралған, маусым айының 30-на 12 439 682,4 мың теңге қаралып, 12 436 855,5 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 2 826,9 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 134 113 ,2 мың теңге қаралып, 134 037,9 мың теңге игерілді немесе 99,9 пайыз, игерілмеген 75,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 2 478 089,1 мың теңге, игерілгені 2 478 072,6 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 16,5 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 0 мың теңге қаралып, 0 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 542 109,0 мың теңге, игерілгені 539 376,7 немесе 99,5 пайыз, игерілмегені 2 732,3 мың теңге – мүгедектігі бар адамдар тауардан бас тартуына байланысты;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 8 258 511,0 мың теңге, игерілгені 5 258 508,3 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 2,7 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 975 205,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз.