Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының базасында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда.
Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес 8 бағытта (тұрмыстық, медициналық, психологиялық, құқықтық, еңбек, мәдени, педагогикалық, экономикалық) қызметтер көрсетеді.