Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 191 146,3 мың теңге қаралған, мамыр айының 30-на 8 782 893,3 мың теңге қаралып, 8 781 673,2 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 1 220,1 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 117 549 ,8 мың теңге қаралып, 116 414,5 мың теңге игерілді немесе 99 пайыз, игерілмеген 1 180,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 1 968 127,5 мың теңге, игерілгені 1 968 090,8 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 36,7 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 0 мың теңге қаралып, 0 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 333 245,0 мың теңге, игерілгені 333 245,0 немесе 100 пайыз;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 5 600 964,0 мың теңге, игерілгені 5 600 961,1 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 2,9 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 733 426,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз.