Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 191 146,3 мың теңге қаралған, сәуір айының 30-на 6 354 796,8 мың теңге қаралып, 6 352 100,4 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 2696,4 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 95 922,0 мың теңге қаралып, 95 911,4 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 10,6 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 1 570 791,9 мың теңге, игерілгені 1 568 666,8 мың теңге, немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 2 125,1 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 0 мың теңге қаралып, 0 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 222 239,0 мың теңге, игерілгені 222 239,0 немесе 100 пайыз;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 4 051 416,0 мың теңге, игерілгені 4 050 855,9 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 560,1 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 397 921,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз.