Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 30 253 045,3 мың теңге қаралған, ақпан айының 29-на 1 836 873,1 мың теңге қаралып, 1 836 097,9 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 778,2 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 56 847,7 мың теңге қаралып, 56 833,8 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 13,8 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 751 982,4 мың теңге, игерілгені 751 276,6 мың теңге, немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 705,8 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 0 мың теңге қаралып, 0 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 35 758,0 мың теңге, игерілгені 35 758,0 немесе 100 пайыз;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 987 283,0 мың теңге, игерілгені 987 224,5 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 58,5 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы .
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 0 мың теңге бөлініп, игерілгені 0 пайыз.