Мүгедектер мен мүмкүндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту
Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2020 жылдың 1 шілдесіне 30432 мүгедектер, оның ішінде
I топтағы - 3073, II топтағы - 10774, III топтағы - 11449, 18 жасқа дейінгі - 5136 мүгедек балалар тіркелген.
Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 826 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1144 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
2020 жылдың 1 шілдесіне 2946 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 11629 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.
Кәсіптік оңалту.
2020 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту орталықтары арқылы 434 мүгедек жұмыспен қамтылды, оның ішінде 66 мүгедек тұрақты жұмыспен, 39 мүгедек «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында уақытша жұмыс орындарымен қамтылды, 21 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 18 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 290 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды.