Бюджеттің атқарылуы туралы
Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 19 089 784,1 мың теңге қаралған, желтоқсан айының 31-не 19 089 784,1 мың теңге қаралып, 19 087 483,1 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 2 300,8 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 244 663,9 мың теңге қаралып, 244 614,6 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 49,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 4 583 886,2 мың теңге, игерілгені 4 583 869,2 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 17,0 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 131 962,1 мың теңге қаралып, 131 961,4 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 1 657 513,2 мың теңге, игерілгені 1655529,7 немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 1983,5 мың теңге - қызымет алушылардың бас тартуынан туындаған қалдық;
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 8 374 419,3 мың теңге, игерілгені 8 374 414,6 мың теңге немесе 100 пайыз, игерілмегені 4,7 – ағымдағы шығыстар қалдығы.
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 1 675 723,1 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз.