Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік бөлімі Қызылорда облысы әкімінің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның (ОҮК) жұмысын ұйымдастырады.

ОҮК отырыстары еңбек және әлеуметтік даму саласындағы ең өзекті мәселелерді шешеді. Әлеуметтік әріптестік тараптары үшжақты ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде әлеуметтік диалогты дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқаруда.

Облыстық деңгейде әлеуметтік әріптестіктің негізгі тараптары болып Қызылорда облысы әкімдігінің уәкілетті өкілдері, кәсіподақтардың өңірлік бірлестіктері және жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктері табылады.

Сонымен қатар, Бөлім Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабына сәйкес (05.07.2014 жылғы № 234-V ҚРЗ) Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастырады;

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ мекемелерден босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады;

мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

 

Дата публикации
19 декабря 2023
Дата обновления
19 декабря 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 февраля 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы 2026 жылға
Ақпарат
08 января 2026
Бюджеттің атқарылуы туралы (2025ж.)
14 октября 2025
Облыс әкімінің гранты туралы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы