Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 19 090 752,1 мың теңге қаралған, желтоқсан айының 1-не 15 323 233,5 мың теңге қаралып, 15 319 375,3 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 3 858,0 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 216 407,3 мың теңге қаралып, 216 407,0 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 3,0 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 3 866 928,4 мың теңге, игерілгені 3 866 845,1 мың теңге, немесе 100 пайыз, игерілмегені 83,3 мың теңге – ағысдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 109 140,0 мың теңге қаралып, 109 140,0 игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 1 318 143,8 мың теңге, игерілгені 100 пайыз
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 6 720 350,0 мың теңге, игерілгені 6 716 635,0 мың теңге немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 3 715,0 – ағымдағы шығыстар қалдығы.
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 693 515,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 693 515,0 немесе 100 пайыз.