Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 18 023 281,3 мың теңге қаралған, қазан айының 1-не 9 627 368,1 мың теңге қаралып, 9 626 667,5 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайыз орындалды, игерілмегені 700,4 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 186 575,0 мың теңге қаралып, 186 574,7 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,3 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 3 120 982,8 мың теңге, игерілгені 3 120 604,0 мың теңге, немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 378,8 мың теңге – ағымдағы шығыстар қалдығы;
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 89 046,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 998 347,8 мың теңге, игерілгені 100 пайыз
Еңбек мобильділігі орталығы бойынша қаралғаны 2 461 410,0 мың теңге, игерілгені 2 461 088,0 мың теңге немесе 99,9 пайыз, игерілмегені 321,4 – ағымдағы шығыстар қалдығы.
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 474 446,8 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.