Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 8 392 943,7 мың теңге қаралған, тамыз айының 1-не мың теңге 4 646 850,2 мың теңге қаралып, 4 645 623,6 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайыз орындалды, игерілмегені 1 226,5 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 144 256,4 мың теңге қаралып, 144 255,9 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 0,5 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 2 422 992,2 мың теңге, игерілгені 2 421 766,3 мың теңге немесе 99,9 пайыз,
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 59 302,6 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 652 171,8 мың теңге, игерілгені 100 пайыз.
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге
74 368 ,0 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.