Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 8 392 943,7 мың теңге қаралған, шілде айының 1-не 4 025 018,4 мың теңге қаралып, 4 024 919,8 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 100 пайыз орындалды, игерілмегені 98,6 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 121 034,0 мың теңге қаралып, 121 030,4 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, игерілмеген 3,6 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 2 061 850,6 мың теңге, игерілгені 2 061 756,9 мың теңге немесе 100 пайыз,
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 48 445,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 438 249,8 мың теңге, игерілгені 100 пайыз
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 63696 ,0 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.