Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 8 274 380,5 мың теңге қаралған, маусым айының 1-не 3 507 161,4 мың теңге қаралып, 3 506 001,5 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайыз орындалды, игерілмегені 1 159,5 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 105 086,0 мың теңге қаралып, 104 031,3 мың теңге игерілді немесе 99,0 пайыз, игерілмеген 1054,7 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 1 701 743,0 мың теңге, игерілгені 1 701 638,9 мың теңге немесе 100 пайыз,
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 34 093,6 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 323 990,8 мың теңге, игерілгені 100 пайыз
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 52 275 ,0 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.