Бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, жергілікті бюджет және субвенциялар есебінен 8 101 391,0 мың теңге қаралған, мамыр айының 1-не 3 027 692,4 мың теңге қаралып, 3 025 374,6 мың теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайыз орындалды, игерілмегені 2 316,8 мың теңге, оның ішінде:
жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 87 669,0 мың теңге қаралып, 85 457,9 мың теңге игерілді немесе 97,5 пайыз, игерілмеген 2211,1 мың теңге - ағымдағы шығыстар қалдығы;
әлеуметтік қамтамасыз етуге
жергілікті бюджеттен берілетін қаржы есебінен қаралғаны 1 358 427,4 мың теңге, игерілгені 1 358 322,0 мың теңге немесе 100 пайыз,
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және субвенциялар есебінен үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 21 790,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді немесе 100 пайыз;
мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша қаралғаны 229 455,0 мың теңге, игерілгені 100 пайыз
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге 41 820,0 мың теңге бөлініп, толығымен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылды немесе 100 пайыз.