Республикалық «Қандас» деректер қорының мәліметі бойынша 2022 жылдың 1 желтоқсанына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың саны
34 отбасына (44 адам) қандас мәртебесі берілген және 4 адамның қандас мәртебесі ұзартылған (Өзбекстаннан 37 адам, Ресейден 4 адам, Ауғанстаннан 1 адам, Белоруссиядан 1 адам, басқа елдерден 1 адам).
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бағытында
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына облыс орталығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры 2017 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.
2022 жылдың 1 желтоқсанына 292 адамға (79 ана/213 бала) 8 бағыт бойынша (әлеуметтік, медициналық, құқықтық, психологиялық, еңбек, мәдени, педагогикалық, экономикалық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Өңірде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес адам саудасының құрбандарына стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді «Шағын кәсіпкерлер әйелдерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2017 жылдан бері көрсетіп келеді.
2022 жылдың 1 желтоқсанына қоғамдық қормен 22 адамға (балалар тіркелмеген) 8 бағыт бойынша (әлеуметтік, медициналық, құқықтық, психологиялық, еңбек, мәдени, педагогикалық, экономикалық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру жағдайы бойынша
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жұмыспен қамту орталықтарының ресми мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша пробация қызметінің есебіндегілер мен жазасын өтеп шыққандар барлығы 294 адам жұмысыз ретінде тіркеліп (оның ішінде 249 пробация қызметінің есебіндегілер, 45 жазасын өтеп шыққандар) олардың 189 тұрақты жұмыспен қамтылса, 40 адам қоғамдыққа, 2-і әлеуметтік жұмыс орнына,
12-і қысқа мерзімді оқуға, 4-і жастар тәжірибесіне жіберілсе, 46 адам «Бастау бизнес» оқуына жолдама алып, оның 26 адамы қайтарымсыз несие алса,
48 азаматтың отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленген.