Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2022 жылдың 1 желтоқсанына 31906 мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде I топтағы - 3596, II топтағы - 10494, III топтағы - 11905, 18 жасқа дейінгі – 5911 (18,5 %) мүгедектігі бар балалар тіркелген.
2022 жылдың 1 желтоқсанына Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 26900 мүгедектігі бар адамдардың 24886-ы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді (92,5 %).
Облыс көлемінде 2021-2025 жылдарға 1294 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспары белгіленді (2021 ж. - 258, 2022 ж. – 258, 2023 ж. – 258, 2024 ж. – 258, 2025 ж. - 259).
2022 жылы 277 объектінің бейімделуі жоспарланды. 2022 жылдың
1 желтоқсанындағы жағдай бойынша объектілерді бейімдеуге бюджеттен және басқа көздерден 31,1 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, жоспарланған 277 объектіге бейімдеу жұмыстары жүргізілді және республикалық Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.
Кәсіптік оңалту.
2022 жылдың 1 желтоқсанына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1047 мүгедектігі бар адамдар жұмыспен қамтылды, оның ішінде 374 мүгедек тұрақты жұмыспен, 10 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 39 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 624 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды.