2022 жылдың 1 желтоқсанына Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның барлығы 21 отырысы өткізілді (о.і. облыс әкімінің төрағалығымен - 6). Мәжілістерде әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер қаралап, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді (8 компания мен мемлекеттік мекемелердегі жалақыны арттыру мәселесі). Сондай-ақ, аудандық, қалалық деңгейде үшжақты комиссиялардың 47 отырысы өткізілді.
Сонымен қатар, тұрақты түрде жұмыс орындарының қысқаруына мониторинг жүргізілуде.
Жыл басынан 61 кәсіпорында 471 адам жұмыстан босатылған, олардың қатарынан 71 адам жұмысқа орналастырылды, 7 адам несие рәсімдеп өз кәсібін ашты, 4 адам ұсынылған жұмыстан бас тартты, 231 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 184-не жұмысынан айырылуына байланысты төлемақы тағайындалды және1 адам Ұлттық жоба аясында оқуға жолданды; 6 адам жұмысқа жарамсыз әлеуметтік топтарға жатады (3 студент, 1 зейнеткер, 2 мүгедек), 5 адам өзге облыс тұрғыны, қалған 147-не жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы түсіндірме берілді.
Жұмыстан босатылғандардың 91%-ы, яғни 429 адам «Теңізшевройл» ЖШС-нің Болашақта кеңейту жобасы – сағалық қысымды басқару жобасынан босатылып жатқан қызметкерлер құрайды.
2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары:
Облыста 37 ірі және орта кәсіпорындар тізімі анықталып, 30 кәсіпорынмен (500-ден аса жұмыскерлері бар 19 және 250-ден аса жұмыскерлері бар 11 кәсіпорынмен) 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол карталары бекітілген.
Жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша меморандумдар:
Облыста әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Облыс әкімдігі, жұмыс беруші және облыстық кәсіподақтар орталығы арасында «Еңбек ұжымындағы әлеуметтік-еңбек жағдайы мен өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және персоналды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы» Меморандумдар жасау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге облыс әкімдігімен ынтымақтастық туралы 52 ірі және орта кәсіпорындармен меморандумдар жасалды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 11 мамырда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен Қызылорда облысы әкімдігінің арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды.