Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия құрамы

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия құрамы:

Қызылорда облысының әкімі (немесе міндетін атқарушы), комиссия төрағасы;

Қызылорда облысы әкімінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласына жетекшілік ететін орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

«Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы (немесе міндетін атқарушы), комиссия төрағасының орынбасары                  (келісім бойынша);

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы (немесе міндетін атқарушы), комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
(немесе міндетін атқарушы);

«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы);

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы);

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);

Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы филиалының директоры (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (немесе міндетін атқарушы),
(келісім бойынша);

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы) (келісім бойынша);

«Қазақстан Республикасы Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы) (келісім бойынша);

«Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы) (келісім бойынша);

«Қызылорда облысының қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы (немесе міндетін атқарушы)
(келісім бойынша);

«Қызылорда облысы жолаушыларын автокөлікпен тасымалдаушылар ассоциациясы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы
(немесе міндетін атқарушы) (келісім бойынша);

«Парыз» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілі;

Қызылорда қаласының әкімі (немесе міндетін атқарушы);

Арал ауданының әкімі (немесе міндетін атқарушы);

Қазалы ауданының әкімі (немесе міндетін атқарушы);

Қармақшы ауданының әкімі (немесе міндетін атқарушы);

Жалағаш ауданының әкімі (немесе міндетін атқарушы);

Сырдария ауданының әкімі (немесе міндетін атқарушы);

Шиелі ауданының әкімі (немесе міндетін атқарушы);

Жаңақорған ауданының әкімі (немесе міндетін атқарушы).

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия құрамы
Дата публикации
24 июля 2025